Шымкент: «Ақылды» әйнектен жасалған дәретханалар орнатылады

Жақын арада Шымкентте «ақылды» әйнектен тұратын қоғамдық әжетханалар жұмыс істейді. Шымкент қалалық әкімдігі осы бағытта тың жобаны қолға алуда.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында «Miras Tazalyq» жобасымен танысты. Бұл жоба қала әкімдігі мен “Miras” университеті арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып, заманауи қоғамдық әжетханаларды орнатуға бағытталған. Әжетханалар «ақылды» әйнектен жасалған: адам кіргенде әйнек көрінбейтін күйге ауысады. Қоғамдық әжетхананы пайдалану үшін арнайы қосымша арқылы QR-кодты сканерлеу қажет. Университет 40 орынға осындай әжетханаларды орнатуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, қала әкімі «Ақжар», «Текесу», «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларының жағдайын тексеріп, су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралармен танысты. Айта кетейік, барлық нысандар қазір қалыпты жұмыс істеуде, ал келесі жылы «Ақжар» су қоймасына күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Су тасқынының алдын алу үшін мамандарға гидротехникалық құрылыс пен өзен деңгейін қатаң бақылау тапсырылды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin