Шымкент: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 3000 түп көшет отырғызылды

Тұран ауданы Қазығұрт шағын ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағын көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткізілген жиынға қала тұрғындары мен Тұран ауданы әкім аппарытының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Егілген көшеттер күздік маусымға арналған айлан, клен және ясин деген көшеттер. Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Бекболдың айтуынша, алдағы уақытта бұл аймақ демалыс саябағы болады.

— Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс екендігі айқын. Осы ретте, Қазығұрт шағын ауданындағы бос жатқан аймақты көгалдандырудамыз. Бұл жерді демалыс аймағы айландыру үшін қажетті жағдайлар жасалынады. Аудан тұрғындары таза және жасыл орта құру жолында бір кісідей үлес қосуда. -дейді Аманжол Бақытжанұлы.

Сенбілік барысында аудан бойынша 17 мыңнан астам тұрғын, 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылыпты. Нәтижесінде ауданнан 382 тонна қоқыс шығарылған.

Сонымен бірге, бүгін Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қаланың тазалығын жақсарту үшін қала тұрғындары, мекемелер мен ұжымдар бірігіп, көшелер мен арықтарды қоқыстардан тазартты.

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің қызметкерлері де Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейінгі аймақта тазалық жұмыстарын атқарып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Жалпы ел көлемінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қолға алынып, қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Мұндай сенбіліктер экологиялық мәдениетті арттырып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Айта кетейік, Президентіміздің бастамасымен елімізде тазалық пен тәртіп орнатуға бағытталған «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы өңірімізде 6 сәуірден бастап тұрақты түрде өткізілуде.

«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды:

Аумақты тазалау: қалаларды, саябақтарды, ормандарды және су қоймаларын қоқыстан жүйелі түрде тазалау.

Көгалдандыру: ағаштар, бұталар отырғызу және жаңа жасыл аймақтарды құру.

Су объектілерін тазарту: өзендердің, көлдердің және теңіздердің ластануымен күресу.

Экологиялық тәрбие: Барлық жас топтары үшін оқу іс-әрекетін жүргізу.

Қалдықтарды бөлек жинау: қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу жүйелерін енгізу.

Биоәртүрлілікті сақтау: өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау.

Неліктен әрекет соншалықты маңызды?

Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Табиғатты аялау оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. Таза қалалар мен табиғи ландшафттар туристерді тартады. Ағаш отырғызу және парниктік газдар шығарындыларын азайту климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Экологиялық жауапкершілік Қазақстанның халықаралық беделін арттырады.

«Таза Қазақстан» акциясының болашағы өте оптимистік. Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан экологиялық тұрақтылық саласында басқа елдерге үлгі бола алады. «Таза Қазақстан» бір реттік шара емес, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның тұрақты қатысуы мен қолдауын талап ететін ұзақ мерзімді бағдарлама екенін атап өткен жөн.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin