
20 наурыз күні Шымкент ипподромында ұлттық ат спортының басты додаларының бірі – бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтереді. Бұл айтулы жарысты Бәйге федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырады.
Жүлде қоры – 22 700 000 теңге.
Чемпионат аясында Қазақстанның әр өңірінен жиналған үздік шабандоздар бақ сынайды. Олар ірі көлемдегі жүлде қоры үшін ғана емес, финалға жолдама алу үшін де жанкешті додаға түседі. Жарыс бағдарламасында бәйгенің төрт түрі өтеді:
Құнан бәйге
Топ бәйге
Аламан бәйге
Ұшқыр бәйге
Чемпионат – бұл тек бәйге жарысы ғана емес, қазақтың байырғы дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын үлкен мереке. Келушілер үшін арнайы шоу-бағдарлама ұйымдастырылады:
* Музыкалық ансамбльдер мен өнерпаздардың концерті
* Дәстүрлі ат спорты ойындары:
Теңге ілу
Аударыспақ
Қыз қуу
Көкпар
Конкур
Бұл ұлттық спортты, қазақы рухты және тарихи мұраны бір арнаға тоғыстыратын ерекше шара болмақ. Ат спорты мен бәйгенің жанкүйерлерін бұл дүбірлі додаға куә болуға шақырамыз!
Іс-шара туралы ақпарат:
Күні: 20 наурыз 2025 жыл
Басталуы: 9:30
Бәйге жарысының старт уақыты: 12:00
Өтетін орны: Шымкент қаласының ипподромы
БАҚ өкілдеріне алдын ала аккредитация міндетті!
Байланыс:
«Бәйге федерациясы» баспасөз қызметі:
+7 701 999 28 19 (Іңкәр Молдағалиева)
yos.consult@gmail.com
Ұлттық спорттың ұлы мерекесін бірге тамашалайық!
«ANYQ.KZ»-ақпарат.