Түркістан облысы: Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

Сайрам ауданы көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмыс тобы жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүргізілген рейд барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған бірқатар фактілер анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімдігінің заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы топ құрамының мүшелері Манкент, Қарамұрт ауылдық округі аумағында рейдтік іс-шарасын жүргізіп, облыстық маңызы бар жолда 5 («Howo») ауыр жүк көлігінде белгіленген мөлшерден артық салмақ арту деректері анықталды. Жүк тасу көліктеріне заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айыптұраққа қойылды және әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар жалғасын табуда.

Айта кетсек, жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында, жұмысшы топ мүшелері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Аудан әкімі Арман Сабитов бұл шараны қатаң бақылауға алған. Алдағы уақытта Сайрам ауданы аумағында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады. Бұл өз кезегінде автомобиль жолдарының ерте тозбай, ұзақ сақталуына және заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алмақ.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin