Теңге ілуден Азия кубогі аяқталды

Шымкент қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Шымкент қаласының әкімдігі және ҚР теңге ілу федерациясының ұйымдастыруымен теңге ілуден III Азия Кубогі өтті.

Халықаралық сынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 4 спортшысы және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Ресейден 23 спортшы қатысты.

Жарыстың алғашқы күні ашылу салтанаты және «Жеті құт», «Бес белес» стильдері бойынша үздіктер анықталды. Бүгін «Қос құлаш» стилінің жеңімпазы анықталып, үш стиль бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтті. Сондай-ақ, үш стиль бойынша үздіктер жарысып, «Үздік теңге ілуші» анықталды.

Аталған жарыс үшінші жыл қатарынан тұрақты түрде өтуде. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде дамуына септігін тигізуде.

Жарыс нәтижесі:

“Бес белес” стилі

СЕЙДАХМЕТ РУСЛАН (Қазақстан)

ЕРКІНБЕК ӨМІРТАЙ (Моңғолия)

Эсенбек уулу Азим (Қырғызстан)

“Жеті құт” стилі

САПАР БЕЙБАРЫС (Қазақстан)

Бақтыбай Саят (Қазақстан)

Егамбердиев Қодиржон (Өзбекстан)

“Қос құлаш” стилі

Әсімжан Нариман (Қазақстан)

Мелис Наурызбек (Моңғолия)

Үш стиль үздіктері өзара жарысып, Сапар Бейбарыс “Үздік теңге ілуші” атанды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin