Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы “SARDAR JUDO LIGASY” ұйымдастырылды

Қазіргі уақытта Ордабасы ауданында бұқаралық спорт түрі қарқынды даму үстінде, осы бағыт бойынша “SARDAR” спорт клубының дзюдо лигасы өз мәресіне жетті.

Аталған клубтың ұйымдастыруымен лига осымен екінші жыл қатарынан өтіп келеді. Дзюдо лигасына жыл бойына тұрақты түрде 200-ге жуық спортшы қатысып келеді, V кезеңде 12 салмақ салмақ дәрежесі бойынша үздік ұпай жинаған 8 спортшы финалдық кезеңге жолдама алған болатын, сәйкесінше 96 спортшы өз араларында кіл мықтыны анықтап, жеңімпаздар жеңіс тұғырына шықты.

Демеушілердің қолдауымен жеңімпаздарға арнайы дзюдо кимонолары мен лига жеңімпазына арнайы жасалған белдік табысталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You