Шымкент қаласындағы жергілікті полиция отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша дағдарыс орталықтарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізіп келеді

Шымкент қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бағытында учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, аумақты аралауды жүргізеді және бірлесіп шақыртуға шығады. Бұл жөнінде бүгін Шымкент өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы полиция департаменті ЖПҚБ Отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Диана Сахибекова мәлімдеді.

Оның барысында көп қабатты үйлердең төрайымдармен, КСК-мен, сондай-ақ жеке секторларда көше белсенділерімен сауалнама және әңгімелесулер жүргізіп, нәтижесінде жайсыз отбасыларды, ондағы полицияға хабарласудан қорыққан әйелдерді, оларды ұрып жүрген күйелерді немесе балаларды ұрып-соғып жүрген ата-аналарды анықтап жатыр.

Одан әрі жоғарыда аталған тұлғалармен, атап айтқанда, жәбірленушілермен мұндай фактілердің алдын алу әдістері мен шаралары туралы түсіндірме әңгіме жүргізіледі, одан кейін жәбірленушіден жазбаша арыз түспесе, құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, ал жазбаша арыздар түскен жағдайда құқық бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылады.

 Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қайта құқық бұзуға жол бермеу және тіркеуде тұрған тұлғалардың мінез құлқын бақылау жасау үшін Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен 100 астам мекенжайы бойынша тексеру жүргізілді. 

Жеке қабылданған жәбірленушілердің саны – 728. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушының қауіптілік дәрежесін бағалау үшін жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде 8 және одан жоғары бағалау  тәуекелі анықталған жанжалқойлардың (агрессорлар) саны – 68. Оның ішінде психологиялық көмекті өз еркімен қабылдаған агрессорлардың саны – 48.

Жалпы көмек көрсетілгендердің саны — 68, оның ішінде арнайы әлеуметтік көмек  – 15, құқықтық көмек – 53.

Бұдан бөлек, жаңадан ашылған бөлім мен бөлімше қызметкерлері қаладағы 4 (төрт) дағдарыс орталығымен тығыс байланысып, қызмет атқарады. Дағдарыс орталығына жүгінген әйелдердің ұзын-ырғасы – 712.

Орталықтарға жатқызылғандары – 135 әйел мен 278 бала, оның ішінде полиция қызметкерлері тарапынан жатқызылғандары — 31 әйел мен 56 бала. Оларға көрсетілген көмек туралы айтсақ, әлеуметтік – 338, психологиялық – 1986, құқықтық – 867, консультациялық – 707, оның ішінде полиция қызметкерлері тарапынан 77 азаматқа көмек көрсетілген. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You