Шымкенттік полицейлер «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде терроризм бойынша маңызды кездесу өткізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Енді рет-ретімен тарқатсақ. «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде 2025 жылғы 29 шілдеде Шымкент қаласы Полиция департаменті және қала әкімі аппараты тероризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмысын қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «терористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қopғay» тақырыбында, көлік инфрақұрылымы объектілері басшыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында автомобиль көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты кенінен түсіндіріліп, жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер мен күдікті зат табылған кездегі персоналдық және басқа да іс-кимылдары сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы объектілері басшыларына бейнебақылау камераларды қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау мәселесін қарастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек “Заң мен тәртіп” қағидаты негізінде полицейлер жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарда — саябақтарда, көшелерде және лагерьлерде — профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Мәселен, Шымкент қаласы Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен психолог мамандардың қатысуымен “Үш бұлақ” жазғы лагерінде балалармен кездесу өткізіп, оларға қоғамдық орындарда және жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалардың демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауда. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасады.

Сонымен қатар жазғы демалыс кезеңінде полицейлер кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарда — саябақтарда, көшелерде және лагерьлерде — профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Айталық, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жазғы лагерьде балалармен кездесу өткізіп, оларға қоғамдық орындарда және жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Балалардың ерекше қызығушылығын жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың спорт тәсілдерін көрсетуі тудырды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалардың демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауда. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You