Шымкент шаһарында есірткі қылмысына қарсы күрес мақсатында полицейлер көңіл көтеру орындарында рейд жүргізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері көңіл көтеру орындарында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Алдын алу шарасы барысында мегаполистегі бірқатар түнгі клубтар, лаундж барлар мен ойын сауық орындары тексерілді. Мақсат – онда есірткі саудасының бар-жоғын анықтау, қылмыстарға тосқауыл қою.

​Полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындарының әкімшілігімен бірлесіп аралау жұмыстарын жүргізіп, заңға қайшы заттардың болуы мүмкіндігін бақылап шықты. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын қарап, тәуекел орындарды талдап, есірткі қылмысына жол бермеу бойынша қабылданған шараларды бірге талқылап, күшейтуді қажет ететін жерлерді ескертті.
​Алдағы уақытта полицейлер қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар атқарып, күшейтілген режимде әрбір ойын-сауық орындарында есірткіге қарсы алдын алу шараларын қабылдайды.

Осы ретте ескерте кетер тағы бір маңызды жайт, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен «Қорқор» атты өнімнің еліміз аумағында өндірілуі, сатылуы және қолданылуы толықтай тыйым салынды. Бұл шара халықтың денсаулығын қорғау, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

«Қорқор» өнімінің құрамында зиянды заттар бар екені және оның тұрақты қолданылуы адамның денсаулығына кері әсерін тигізетініне қатысты бірнеше ғылыми сараптама жүргізілді. Аталған өнімді тұтыну салдарынан пайда болатын қауіп-қатерлер қоғамға, әсіресе жасөспірімдер мен денсаулығы нашар азаматтарға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Мемлекеттік органдар, оның Шымкент қаласының әкімдігі де бұл өнімнің заңсыз айналымына жол бермеу үшін мониторинг пен бақылау шараларын күшейтті. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық кодексі аясында қатаң заңдық жауапкершілік қарастырылған.

Азаматтардан «Қорқор» өнімін қолданбауды және заңсыз саудаға қатыспауды сұраймыз. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай өнімге тап болса, тиісті мемлекеттік органдарға хабарласуларыңызды өтінеміз.

Бұл шаралар елімізде халықтың денсаулығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You