Шымкент қаласында өрт сөндірушілер мен Полиция департаменті бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді

Басты мақсат – жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы қосылған көліктердің қозғалысына кедергі болатын фактілердің алдын алу.

Іс-шара барысында жол-патрульдік қызметі Шымкент қаласының №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автокөлігін алып жүруді қамтамасыз етті. Экипаж қала жолдарындағы жағдайды және төтенше жағдайлар қызметінің көлігімен кездесу кезіндегі жүргізушілердің әрекеттерін бағалады.

Тәжірибе көрсеткендей, жүргізушілердің басым көпшілігі түсіністік танытып, құтқарушылардың көлігін өткізіп жіберуге тырысты. Дегенмен, тәртіп бұзғандар да кездесті: рейд барысында полиция қызметкерлері бір жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары қала тұрғындары мен қонақтарын арнайы автокөлік жақындаған кезде оған жол беруге шақырады.

Рейд демекші, бүгін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы да «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Тазалық сақшыларымен» бірлесіп құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді рейдтік іс-шара өткізді.

Кезекті рейдттік іс-шара барасында «Тазалық сақшыларымен» есірткі заттарын насихаттайтын жазулар анықталып, жедел түрде полицияға хабарланып, ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. ​​Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. ​Аудан прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

Сонымен қатар бүгін Шымкент қаласы прокуратурасы тарапынан «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Shymkent Plaza» сауда үйінде қала тұрғындарымен ашық кездесу өтті.

Кездесуге мемлекеттік және құқық қорғау органдары қатысып, жалпы кабылдауға 90-ға жуық тұрғындардың талап-тілектері мұқият тыңдалып, бірқатары өз шешімін тауып құқықтық түсіндірме берілді. Кала прокуратурасымен осындай көшпелі қоғамдық қабылдаулар бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылуда. ​​Келесі кездесу «Арбат» алаңында 26 тамыз 2025 жылы ұйымдастырылып, сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өз жалғасын табады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You