
Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкі Туристерге қызмет көрсету взводының қызметкерлері – полиция капитандары Айнұр Кульбаева мен Диана Есенгелдиева көмек сұрап жүгінген әйелге дер кезінде қолдау көрсетіп, қажетті көмегін ұсынды. Азамат қиын жағдайға тап болған сәтте полиция қызметкерлері оның өтінішіне бейжай қарамай, мәселенің шешілуіне жан-жақты ықпал етті. Бұл әрекет – тәртіп сақшыларының халыққа деген қамқорлығы мен адал қызметінің айқын көрінісі.
Туристерге қызмет көрсету взводының басты міндеті – қала қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ кез келген жағдайда жедел көмек көрсету.
Шымкент қаласына келген туристер мен азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуі – полицияның күнделікті назарындағы басты мәселе. Осындай қызметтік іс-әрекеттер арқылы тәртіп сақшылары қоғам алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
Тағы бір атап өтерлігі, Шымкент қаласында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Патрульдік полиция полкі жол қозғалысын бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи техникалық құралдарды кеңінен қолданып келеді. Атап айтқанда, дрон құрылғылары жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау, көлік жүргізушілерінің тәртібін бақылау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жоғары тиімділік көрсетіп отыр.
Бүгінде қала аумағындағы қауіпті аймақтарда жаяу жүргіншілер өткелдерінде тоқтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты арттыру секілді құқық бұзушылықтар дрон құрылғыларының көмегімен анықталып, құқық бұзған тұлғаларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылуда.
Еске саламыз, Шымкент қаласында «Құқықтық тәртіп» және «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен азаматтардың тыныштығын сақтау, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады.
Патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінде, білім беру ұйымдарының маңында және халық көп жиналатын орындарда бақылауды күшейтті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
