
Ауданда Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен бірқатар облысқа қарасты аудандық басқармалар арасында волейболдан аймақтық турнир өтті.
Турнирде Арыс, Бәйдібек, Сайрам, Төлеби, Түлкібас және Ордабасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлерінен құралған командалар жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – Ордабасы, ІІ орынды – Түлкібас, ал ІІІ орынды – Төлеби аудандық басқармалары иеленді. Жеңімпаздарды Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.С. Нышанов және сала ардагері А. Жақсыбай құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.
Мұндай спорттық сайыстар қызметкерлердің ынтымағын нығайтып, спорт пен салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыруға үлкен үлес қосары анық.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
