Кентау боксшылары кезекті жеңісімен қуантты

11–15 қараша аралығында Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Т. Омаровты еске алуға арналған 2011–2012 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан ХІІІ республикалық турнир өтті.

Онда Кентау қалалық №3 БЖСМ спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Тарата айтсақ, 43 келі салмақ дәрежесінде — Нұрдәулет Бақытұлы ІІ орыды, ал 67 келі салмақ дәрежесінде Ибраһим Қанатұлы ІІІ орын алды. Жаттықтырушысы: А. Құрманбеков.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, спорт жолындағы табыстар тілейміз!

Мұнан өзге Түркістан облысының чемпионатында кентаулық былғары қолғап шеберлерінің жетістігі хақында да айта кетсек.

19–24 қазан күндері Ордабасы ауданының Бадам ауылында 2008–2009 жылы туған жастар, 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер және 2012–2013 жылы туған кіші жасөспірім қыздар арасында бокстан Түркістан облысының чемпионаты өткен болатын.

Аталған додада Кентау қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері үздік өнер көрсетті. Дәлірек тоқталсақ, Нұргүл Басарова – 57 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды қанжығаласа, Ұлжан Ергешбаева 60 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иегері атанды. Жаттықтырушысы – Б.Н.Айдарбек.

Жас спортшыларды және бапкерін жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға алдағы сындарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You