Түркістан облысы: Жетісайлық балуандар халықаралық турнирде 15 медаль иеленді

Сонау ықылым заманнан атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дарыған күрес – бабы келіскен балуанның бар мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдерін қолдана отырып өзінің мықтылығын мойындататын спорт түрі. Жетісайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен «Ой қамшы» әдеби, тарихи білім жобасының бастамасымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Оразгелді ата ұрпақтарының демеушілігімен «Елім менің – Қазақстан» ұранымен еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Айтулы сында Жетісай ауданының жасөспірім балуандары 15 медаль иеленді.

Көршілес Қырғызстан, Өзбекстан республикаларымен қатар еліміздің барлық облыстарынан келген 32 командада 500 балуан 17 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтаған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен спорт ардагері, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Жаңбырбаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт жанашыры Құнанбай қажы Мұсаев бастаған ел ағалары, Мақтаарал аудандық №1 балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев қатысты.

«Бүгінгі сайыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Көршілес республикалар мен барлық облыстардан келген жас балуандар өз салмақтары бойынша мықтыларды анықтауда. Бүгінгі күн – күрес спортының жаңа таланттарын анықтап, жаңа чемпиондардың жұлдызын жағатынына сенімдімін», —  деген аудан әкімінің орынбасары қатысушыларға сәттілік, төрешілерге әділдік тіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа жас таланттарды анықтауды, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен жарыста арнайы қонақ болған еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков пен ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемпионаттарының жүлдегері, өзбекстандық Ихтиер Наврузов пен ел ағалары байрақты бәсекеде бабы мен бағы қатар жанып, қарсыласын алып та, шалып та жыққан балуандар мен олардың жаттықтырушыларын арнайы медалдармен және аудан әкімінің дипломдарымен, чемпиондық белбеулермен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының алғыс хаттарын табыс етті.

12-14 күндері аралығында 2011-2013 және 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге көршілес Қырғызстан, Өзбекстан республикаларымен қатар еліміздің барлық облыстарынан келген 32 командада 500 балуан 17 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды, жаңа жас таланттарды анықтауды, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен жарысқа арнайы қатысқан еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков пен ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, грек-рим күресінен Олимпиада және Әлем чемпионатының жүлдегері, өзбекстандық Ихтиер Наврузов жарыстың бірінші күнінде 10 салмақ бойынша күш сынасып, жеңімпаз атанған жасөспірім спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын арнайы медальдармен және аудан әкімінің дипломдарымен, чемпиондық белбеулермен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының алғыс хаттарын табыс етті.

12-14 күндері аралығында 2011-2013 және 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнир қорытындысы бойынша командалық есепте 2 алтын және 3 қола медальмен Қырғызстан балуандары ІІІ орынға табан тіресе, Өзбекстан командасы 4 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен ІІ орынды иеленді. Ал боз кілемде атой салып, жауырыны жерге тимеген қазақ балуандарының ізбасарлары 12 алтын, 13 күміс және 26 қола медальмен көш бастады. Оның 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медалі — жетісайлық жасөспірімдердің еншісінде.

Айта кетейік, 2 күнге созылған аталмыш турнир аясында ұйымдастырушылар тарапынан өмірден өткен ата-баба рухына құран бағышталып, ас берілді. Елдің ынтымағы мен тыныштығын тілеп, бата жасасқан ел ағалары өскелең ұрпаққа өнегелі әңгімелерін айтты. Бірлікке шақырды.

Спорт – тек дене шынықтыру мен белгілі бір нормативті орындайтын сала ғана емес, сонымен қатар, тәрбие құралы. Жастарды төзімділікке, табандылыққа, достық қарым-қатынасқа, алдына қойған мақсаттарына жете білуге дағдыландыратын күш. Міне, сондықтан да болар соңғы жылдары Жетісай ауданында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөлініп келеді. Елді мекендерде жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, алаңшалар ел игілігіне берілуде.

Еске салайық, еркін күрес диаметрі 9 метрлік арнайы кілемде өтеді. 19-шы ғасырдың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 жылы өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, ЖЫЛЫЫсқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 жылы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 жылы, ал Әлем чемпионаты 1951 жылы бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 жылы бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан спорт шеберлері: Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан, грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 жылы Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды. Әр жылдары Қазақстан намысын еркін күрестен әлемдік ареналарда қорғаған танымал балуандар қатарында С. Абдикаримов, Г. Мусаев, А. Мусабеков, А. Жапияров, С. Алшынбаев, Р. Нурманов, С. Мұкашев, А. Семкин, М. Маяуызов, А. Иманқұлов, ЖЫЛЫ Жарқынбаев, М. Надирбеков, Ж. Корпебаев және П. Суриков бар.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасында ең жоғары жетістікке Мұхтар Мамыров жетті — ол 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының және 1998 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал Абдулхакім Таңатаров та ел спортының тарихында жарқын із қалдырды: 2012 жылы «Golden Grand Prix» турнирінің және Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылы Германия Гран-приінің жеңімпазы, 2017 жылғы Азия чемпионы және сол жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Бүгінде біздің оқу ордасының тәрбиеленушілері еркін күрестен спорт шеберлерінің даңқты жолын лайықты түрде жалғастырып келеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алишер Ерғали – солардың жарқын өкілі. Ол 2017 жылы Братиславада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, 2018 жылы Дели қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Сол жылы Словакияның Торнав қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы да күміс жүлдеге қол жеткізді. 2019 жылы Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алып, 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Тағы бір айта өтер ақпарат, Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысында өткен қазақ күресінен «AMANAT BARYSY» турнирінде өңірдің мықты балуандары бозкілемде бақ сынады. Облыстың барлық аудан-қалаларынан келген 25 балуан ұлттық рухты асқақтатқан тартысты белдесулер көрсетті.

Ауқымды дода Төлеби ауданындағы «Тағай» спорт кешенінде ұйымдастырылып, салтанатты ашылуына облыс, аудан басшылары мен партия өкілдері қатысты. «AMANAT» партиясы қолға алған бұл спорттық жоба – ұлттық күресті қолдауға, жастардың жігерін шыңдауға бағытталған маңызды бастама.

Белдесулер өте тартысты өтті. Әр балуан өз шеберлігі мен дайындығын паш етіп, жанкүйерлерді әсерлі сәттерге бөледі.

Ақтық сайыс – шардаралық балуанның жеңісі!

Финалда Шардара барысы –Қайсар Шамшидинов қарсыластарын айқын басып, «AMANAT BARYSY» атағын жеңіп алды! Жеңімпазға 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.

ІІ орын Отырар ауданының балуанына бұйырса, ІІІ орынды Бәйдібек ауданының балуаны еншіледі.

Бұл жеңіс Шардара ауданының спорттық әлеуетінің жоғары екенін тағы бір дәлелдеді. «Ұлттық спортты дамытуға, жастардың рухын көтеруге бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады», — дейді жауаптылар.

Ал қазақ күресіне келсек, Еуразия құрлығындағы барлық дәстүрлі күрес түрлерінің синтезінің нәтижесі болып табылатын қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақ күресі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді.

2016 жылы ЮНЕСКО толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.

Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келді. Ірі халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Дене тәрбиесі және спорт комитеті алқасының шешімімен 1972 жылы қазақ күресінен тұңғыш рет 12 балуан «Қазақ КСР-інің спорт шебері» атағына ие болды. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция өтіп, сонда қазақ күресі бойынша халықаралық федерация құрылды. Федерацияның президенті Серік Адамұлы Түкиев болды.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда қазақ күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

2010 жылы Астана қаласында өткен үшінші Әлем чемпионатына ФИЛА (UWW) президенті Рафаель Мартинетти арнайы келіп Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясын ФИЛА мүшелігіне қабылдау туралы құжатқа қол қойды. Бұл ұлттық күресіміздің тарихындағы ең бір маңызды сәттің бірі.

Жалпы алғанда 2004-2023 жылдары аралығында қазақ күресінен Қазақстанда, Иранда, Бразилияда, Оңтүстік Африкада және тағы басқа елдерде 10 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы, 6 Еуропа біріншілігі ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларда «Qazaq kuresi» Ассоциациясының тікелей жетекшілігімен жұмыс істейтін өңірлік федерациялар құрылған. Ал халықаралық аренада әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресінің федерациялары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда төл күресті ел ішінде және шетелді дамыту және жарыстарды өткізу жұмыстары «Qazaq kuresi» Ассоциациясына жүктелген. Бұған дейін елімізде қазақ күресін дамытумен Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясы айналысып келген болатын. 2022 жылдың 29 ақпанында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде үш федерацияның бірлескен Конгресі өтіп, сала мамандарының қолдауымен «Qazaq kuresi» Ассоциациясы құрылды. Ассоциацияның мақсаты – қазақ күресін республикалық және халықаралық аренада дамыту, оны олимпиадалық спорт түрлері бағдарламасына енгізу үшін тиісті қадамдар жасау және кешенді шараларды ұйымдастыру.

2022 жылы Біріккен Күрес әлемі (UWW) халықаралық ұйымы төл күресімізді дамытуда біршама еңбек сіңірген «Qazaq Kuresi» Ассоциациясын мүшелікке қабылдады.

2023 жыл қазақ күресі үшін тарихи жыл болғанын атап айтқан жөн. Төл күресіміз алғаш рет Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының (World Combat Games) бағдарламасына енді. Бұл маңызды оқиға Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы – Эр-Риядта болды.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақ күрес күш жетілдіретін спорт. Қазақ күресінде адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады.

Балуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін балуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, ал салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады.

Қазақ күресі аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың бағдарламаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.

Бұрын қазақ күресінде жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі – берен және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін). Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.

Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты — қарсыласының жауырынына тастау.

2001 жылы жасалған әдіс-тәсілге ұпай беру жүйесін ұлттық терминдермен ауыстыру туралы Жаналинге ұсыныс жасалынды. Техникалық әрекеттер үшін берілетін ұпай орнына «бүк», «жамбас», «жартылай жеңіс», «таза жеңіс» сөздерін қолданыла басталды. «Баста», «Тоқта» терминдері айналымға енді.

Қазақ күресі тік тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Береннің жеңі мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. Қолды қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді.

Қазақ күресі техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақ күресінің тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақ күрес балуандары самбо, дзюдодан әртүрлі жарыстарға қатысады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар Тараз қаласында «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары.

Ал 2014 жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен «Әлем барысы» әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысады.

Қазақ күресінің техникасы туралы да айта өтейік.

Шалып лақтыру — техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.

Қағып лақтыру — алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.

Іліп лақтыру — самбо терминологиясында бұл — сирақтың ілмектері.

Лақтыра жығу — бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.

Арқадан асырып лақтыру — бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында — арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен — кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.

Еңкейіп лақтыру — еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.

Көтермелеп лақтыру — үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.

Айналдырып лақтыру — шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.

Тонқалана асып домалай лақтыру — домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай лақтырады және арқасымен ұстап қалады.

Кеудеден лақтыру — бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында — кеуде арқылы лақтыру.

Орап лақтыру — cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You