Түркістан облысының «Тұран» командасы баскетболдан ел чемпионы атанып отыр

Loading

Түркістан облысының «Тұран» баскетбол клубы 2025-2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша ерлер командалары арасындағы XXXIV ҚР Жоғары лига чемпионатының жеңімпазы атанды. Аталған чемпионат 7 ай бойы бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, елдің үздік командалары арасында жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде «Тұран» командасы маусым бойы өткізген 33 ойынның барлығында жеңіске жеткен.

Команда ойын барысында жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті. Ойыншылардың үйлесімді әрекеті мен бапкерлер құрамының жүйелі жұмысы клубтың табысты өнер көрсетуіне негіз болды. Осылайша, «Тұран» баскетбол клубы өз тарихындағы маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізіп, Қазақстан баскетболының жоғары лигасында көшбасшы екендігін дәлелдеді.

“Тұран” демекші, футболдағы аттас команда хақында да айта өтсек. Түнеугүні Қазақстан бірінші лигасының екінші турында түркістандық «Тұран» өз алаңында «Арыс» командасын қабылдады. Жаңбырлы күні өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңді. Кездесу алаң иелерінің басымдығымен өтті. «Тұран» бірінші таймда бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, оларды голға айналдыра алмады. Қонақтар да шабуылда бақ сынап көрді, бірақ үзіліске дейін есеп ашылмады.

Екінші тайм бастала салысымен түркістандықтар алға шықты. Айып соққысынан кейін қақпашы допты қайтарғанымен, оны бірінші болып жеткен Темірлан Мұрзағалиев қақпаға дәл бағыттады. Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Қорытынды нәтиже — 1:0.

Келесі турда «Тұран» 24 сәуірде сырт алаңда «Тобыл Ж» командасымен кездесті. Ал «Арыс» 23 сәуір күні қарағандылық «Шахтер» клубын қабылдады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You