Түркістан қаласында республикалық деңгейде «Ясауитану – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Loading

Әуелі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауының шымылдығы түрілгенін айта өтейік.

Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев та ізгі лебізін білдіріп, жас талапкерлерге шығармашылық табыс пен жеңіс тіледі.

Әділқазылар алқасының құрамында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев, музей-қорық жанындағы Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайфулла Моллақанағатұлы, жетекші ғылыми қызметкері Жұмағали Ибрагимов, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының басшысы Бауыржан Сайфунов пен жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Төлеген бар.

Байқаудың басты мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи хикметтері арқылы халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең танып-білуге және ғылыми тұрғыда зерделеуге баулу.

Мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқау аясында оның тарихына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең зерттеп, кеңінен дәріптеудің маңызын атап өткен болатын. Сонымен қатар жуырда Қожа Ахмет Ясауи орденін Қазақстанның мемлекеттік марапаттар тізіміне қосу туралы жарлыққа қол қоятынын айтты. Ол сондай-ақ: «Қожа Ахмет Ясауиге жоғары сапалы кітаптар мен фильмдер арналуы керек және оның бірегей интеллектуалдық мұрасына арналған оқулар барлық аймақтарда ұйымдастырылуы керек», — деп мәлімдеді. Президент тапсырмасы – бүгінгі рухани бастамалардың өзегіне айналып отыр.

Іс-шараның басты мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи хикметтері арқылы ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақты ұлы баба мұрасын терең тануға және ғылыми тұрғыда зерделеуге баулу. Сонымен қатар қатысушылардың тарихи танымын кеңейтіп, Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалардың тағылымды өмірін дәріптеу көзделді. «Әулиелердің сұлтаны» атанған Ясауи мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін де руханияттың темірқазығы.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы «Ясауи мұрасы – балаға аманат» кезеңінде қатысушылар хикметтерді жатқа айтты. Екінші «Білімді мыңды жығар алысқанда» кезеңінде Ясауи өмірі, хикметтердің мазмұны, кесене тарихы мен Әмір Темір сыйға тартқан жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Тірек сөздер» кезеңінде үздіктер өзара бақ сынасып, мықтылар анықталды.

Әділқазылар алқасының құрамында музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев, музей-қорық жанындағы Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайфулла Моллақанағатұлы, жетекші ғылыми қызметкері Жұмағали Ибрагимов, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының басшысы Бауыржан Сайфунов пен жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Төлеген қатысушылардың әділ бағасын берді.

Іс-шараның марапаттау кезеңінде алдымен байқауға шәкірт дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар табысталды. Бұдан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Бас жүлдені Алматы қаласынан келген Аида Асан иеленді. I орын Айдана Мұратова (Алматы қаласы) мен Амина Мамедоваға (Түркістан облысы) бұйырды. II орын жүлдесі Динара Тұрсынбай (Алматы қаласы), Фатима Сейсен (Жетісу облысы), Аружан Нұрлыбай (Түркістан облысы), Санжар Сайлаубай (Қызылорда облысы), Мирзиед Пулатов (Түркістан облысы) және Айзере Аязбай (Алматы облысы) арасында үлестірілді. III орынға Батырхан Боранбек, Алуа Рахымбай, Аружан Абай (Жамбыл облысы), Мадина Мәлікқызы (Алматы қаласы), Шұғыла Нұрділла, Жұлдыз Тәукебай (Түркістан облысы), Бақдәулет Амантай, Абылай Бақсейіл (Түркістан қаласы), Арай Әбубәкір, Нұрали Дәулет (Ақтөбе облысы), Нұрсұлтан Қанатбек, Ақайша Қалық, Жанайым Асылханова (Жетісу облысы), Асылжан Сайлаубай, Ахмет Нұрыбекұлы, Аружан Амандыққызы (Ақмола облысы), Нұрдана Серік (Алматы облысы), Ерасыл Әуелбек (Шымкент қаласы), Динара Толыбаева, Айша Ибрагимова (Қызылорда облысы) лайық деп танылды.

«Көрермен көзайымы» номинациясымен Ерасыл Құдайбергенұлы (Қызылорда облысы), Айзат Айтбай (Жетісу облысы) және Медина Таңатар (Қарағанды қаласы) марапатталды.

Айта кетейік, биыл 28-рет ұйымдастырылған дәстүрлі байқауға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларынан 70-ке жуық дарынды оқушы қатысты. Байқау қорытындысы қатысушыларға зор әсер сыйлап, рухани серпін берген мазмұнды шара ретінде жоғары бағаланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You