
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сауран ауданындағы Оранғай ауылдық округінің аумағындағы Қарашық өзені бойында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – су айдындарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Акция барысында өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды. Қатысушылар жағалау бойын қоқыстан тазартып, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар Сауран ауданында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады», — дейді жауаптылар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
