Экожүйе: Шымкентте «Таза Қазақстан» жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды

Loading

Шымкентте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне арналған ведомствоаралық жиын өтті. Басқосуға қалалық прокуратура, Полиция департаменті, Экология департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасы, төтенше жағдайлар қызметі, өзге де мемлекеттік органдар мен еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиында 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қалада мобильді топ тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Оның құрамына прокуратура органдары, әкімдік, полиция, экология департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, Жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері енген.

«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстардың негізгі нәтижесі – тек тазалық акцияларын өткізумен шектелмей, қаланың санитариялық жағдайын жүйелі бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталуы. 2026 жылдың алғашқы алты айында мобильді топтар шаһар аумағындағы абаттандыру, санитариялық тазалық және экологиялық талаптардың сақталуын бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдады. Бұл ретте тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандар иелеріне өздеріне тиесілі аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау және қоғамдық кеңістіктерді бүлдірмеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай тәсіл «Таза Қазақстан» идеясын «Заң және тәртіп» қағидатымен ұштастырып, тазалықты тек маусымдық науқан емес, қала мәдениеті мен қоғамдық жауапкершіліктің тұрақты нормасына айналдыруға мүмкіндік береді. Жалпыұлттық жоба аясында қалыптасқан ведомствоаралық үйлесім де осы міндеттің маңызын көрсетеді: экологиялық талаптардың орындалуын бақылауға жауапты органдардың бірлескен жұмысы құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, оның қайталануына жол бермеуге бағытталуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You