Кентауда Сақ Мәуленқұлұлының 100 жылдығына арналған республикалық шахмат турнирі басталды

Loading

Кентау қаласында даңқты ардагер кенші, қала тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған Сақ Мәуленқұлұлының 100 жылдығына орай стандартты шахматтан республикалық турнир басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы Сақ Мәуленқұлұлының ел игілігі жолындағы еңбегіне тоқталып, оның Кентау қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жоғары нәтижелер көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Республикалық деңгейдегі шахмат додасына еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық команда мен 60-қа жуық шахматшы қатысып, өзара бақ сынауда. Бес күнге жоспарланған турнир барысында қатысушылар стандартты шахмат бойынша шеберліктерін көрсетіп, үздіктер анықталады.

Ауқымды спорттық дода Кентау қаласында шахмат спортының дамуына серпін беріп, зияткерлік ойынға қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, мұндай жарыстар өскелең ұрпақ арасында шахматты кеңінен насихаттап, балалар мен жастардың зияткерлік қабілетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен бірге, турнирдің Сақ Мәуленқұлұлының 100 жылдығына арналуы ел тарихында із қалдырған тұлғаның өнегелі жолын кейінгі буынға танытудың бір көрінісі болып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You