Кентауда жаңа спорт кешенінің құрылысы жалғасуда

Loading

Кентау қаласында тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.

Қазіргі таңда нысанда ішкі сылау, терезе және төбе фермасын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылған. Нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы — тұрақты бақылауда.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іске қосылуы Кентау тұрғындары үшін заманауи спортпен шұғылдануға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, спорттық инфрақұрылымның дамуы бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға бағытталады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You