![]()
Кентау қаласындағы Ынтымақ алаңында Спорт күніне арналған мерекелік шара өтті. Жиын барысында спорттың адам денсаулығы мен қоғамдағы маңызы кеңінен айтылып, Кентау спортшыларының жетістіктері насихатталды.
Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов және қалалық мәслихат депутаты Ерлан Арынов спортшылар мен жаттықтырушыларды Спорт күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс пен жаңа жеңістер тіледі.
Спорт саласына үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді. Үздіктер қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара барысында спорттық қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұл көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік кештің мазмұнын аша түсті.
Спорт күні – салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға назар аударып, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін дәріптейтін маңызды мереке. Кентауда мұндай шаралар спортқа қызығушылықты арттырып, жас буынды белсенді өмір салтына баулуға ықпал етеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
