Шымкент: Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалада

Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлік 700 млрд. теңге көлемінде өнім шығарған.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы жылдың үш айында олармен шығарылған өнім көлемі 699,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,1% өсімді көрсетті. Ал 2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерліктен 630,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын.

Бүгінде мегаполисте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 68 264 бірлікті құрайды. Аталған кәсіпорындарда 166 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Ал бұл жылы субъектілер санын 77 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы карантиндік шектеулер мен жалпы экономикалық өзгеріс жағдайына қарамастан өткен жылы  да шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикалық көрсеткішке қол жеткізді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.