«Шымкент жастар лигасы» спорттық шарасы жалғасуда

Бүгін Шымкент қаласындағы бірқатар мектепте «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында баскетбол, волейбол, футбол ойындарынан турнир өтті.


Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген турнирге қала әкімінің орынбасары М.Исахов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қаламыздың жалпы 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда.

Айта кетейік, мектептерде ұйымдастырылған турнир санитарлық-дезинфекциялық және карантин талаптарына сәйкес өткізілуде. Осыған орай, турнирге қатысқан спортшылар арнайы бекітілген кесте бойынша бақтарын сынауда.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, бос уақытты тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық шаралар одан әрі жалғасады.

Спорттық шара Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  ұйымдастырылып отыр.

Жобаның ұйымдастырушылары:
— Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы;
— Шымкент қаласы білім басқармасы;
— Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.