Шымкент: Төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде. «Build Stroi» ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.
Атап айтқанда, мекеме тарапынан Темірлан тас жолы, Қатын көпір, Қошқар ата аумағы ретке келтірілді.
Сондай-ақ, «Атырау групп» ЖШС 3 техника және 16 қызметкерімен күнделікті су арналарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.
Сондай-ақ, алада су арналарын тазалау жұмыстары атқарылуда.Атап айтқанда, Қошқар ата, Қасқасу каналдары тазаланып, ретке келтірілді.
Бүгінгі таңда қала аумағында су арналарын тазалауға жауапты мекеме — «Атырау групп» ЖШС. Аталған жұмыстарға 4 техника, 23 адам жұмылдырылған.
Тазалық — қала көркі. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат