Шымкентте қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде де қайырымдылық шаралары үзілген жоқ

Шымкентте қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде де «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» қайырымдылық шаралары үзілген жоқ.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында осы игі бастамаға қолдау ретінде Шымкент қаласы, Абай ауданының «Қождан ата» және «Масжидур Рохман» мешіттерінде 150 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. «Қождан ата» мешітінің имамы Ақтөре Тұрапбай мұқтаж жандарға насихат айтып, жомарт жандарға алғысын білдіре келе, 100 отбасыға азық-түлік таратты.

«Масжидур Рохман» мешітінің имамы Анарғали Керімбеков те мұқтаж отбасыларға ізгі тілегі мен қолы ашық азаматтарға лебізін білдіріп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Мұсылмандардың ұлық мерекесімен құттықтап, көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржынын» үлестірді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.