Шымкентте жыл басынан бері 36 969 отбасыға яғни, 179 209 адамға 6,8 млрд. теңге атаулы әлеуметтік көмек берілген.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 5 бағыт бойынша 26 түрлі мемлекеттік қызмет түрін ұсынады.
Бірінші бағыт – «Еңбек» бағдарламасы негігінде халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағытта биыл 21 842 адамды жұмысқа бағыттау жоспарланса, жыл басынан 5 885 азамат жұмыспен қамтылған.
Екінші бағытында ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне мемлекеттік көмек көрсетуді үйлестіреді. Жыл басынан осы топтағы 11 745 азаматқа бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Оған қоса ардегерлер мен зейнеткерлер шипажайларға жолдама берілді.
Үшінші бағыты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Шымкент қаласы бойынша 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Төртінші бағыт – азаматтық құқықтық актілерін тіркеу. Мұның негізгі міндеттері – азаматтық хал актілерін тіркеу, неке және отбасы қатынастарын реттейтін заңдарды және осы бағыттағы туындаған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен бірге тууды, әке болуды анықтауды, бала асырап алуды, неке қиюды, неке бұзуды және тегін өзгертуді тіркеу және т.б. қызметтерді атқарады. 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша 15 068 азаматтық хал актілері тіркелді.
Бесінші бағыт – қандастармен жұмыс жасау. Негізгі міндеті қандас мәртебесін беру, ұзарту және халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Басқармаға қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы 2008 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Шымкент қаласына жыл басынан бері көшіп келген 340 отбасындағы 464 азаматқа қандас мәртебесі берілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат