Шымкент: Тұран шағын ауданының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 13 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Тұран шағын ауданының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 13 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осыған байланысты, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Айта кетерлігі, Тұран шағын ауданындағы №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.

Ал, № 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Басқарма басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс сапасының жоғары болуын қадағалап, мердігер мекемеге нысанды уақытында аяқтауды тапсырды.

Аталмыш ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылыс басқармасы тарапынан Тұран шағын ауданында биыл 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Ондағы 2768 пәтер 160,2 мың шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда 29 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ал 12 үйдің құрылысына дайындық жұмыстары басталған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.