#AulaFit – спорт өз аулаңда деп аталатын жаңа жоба.
Бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің қолдауымен жүзеге асқан. Осылайша, қазақстандықтар өз аулаларында кәсіби жаттықтырушылармен ақысыз негізде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болды.
Жоба алғаш болып Кентау қаласында ұйымдастырылды. Спорттық шараның ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы спорт және балалар ойын алаңшасымен толықпақ. Бүгінде алты алаңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Спорт алаңшалары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына сентігін тигізері сөзсіз. Жаңа жоба көлемінде кентаулықтар өз ауласында кәсіби жаттықтырушылармен ақысыз негізде спортпен шұғылдануға және спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алды.
Жалпы, Кентау қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылы – 8 штаттық бірлікте жаттықтырушы, 2020 жылы – 11 штаттық бірлікте жаттықтырушы және 2021 жылы – 5 штаттық бірлікте спорт нұсқаушылары жұмысқа қабылданып, спортпен шұғылданушылар саны жыл сайын артуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
I see You’re in reality a excellent webmaster.
This site loading speed is amazing. It kind of feels that you are doing any unique trick.
Furthermore, the contents are masterpiece. you’ve performed a fantastic activity
in this matter! Similar here: dobry sklep and also here: E-commerce