БӘЙДІБЕК: ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР ШӘКІРТАҚЫ АЛАДЫ!

Түркістан  облысы  адами-әлеуетті  дамыту басқармасына  қарасты №19  колледж  мемлекеттік

коммуналдық  қазыналық  кәсіпорын  мекемесінің жаңағимараты  2014  жылы пайдалануға  берілген. Осы  алты  жылда колледж  962 маманды даярлап шығарды.

Құрметті  талапкер- 2021!

Білікті  маман  иесі  болғыңыз  келе ме? Ендеше білім мен  білікті  меңгеруге, мамандықтың  қыр-сырын  ашуға, қызыққа  толы  студенттік  өмір  өткізуге  көмек  беруге  дайын Бәйдібек  ауданы  Шаян  ауылындағы  № 19  колледжге оқуға түс!   Колледж 2021-2022  оқу  жылына  техникалық  және  кәсіптік, орта  білімнен  кейінгі  білімі  бар  кадрларды  даярлауға  арналған  мемлекеттік білім  беру  тапсырысы

Қабылдау  комиссиясы  8-725-48-2-14-88 ,  8-778-327-1000

Тапсыратын  іс- құжаттары:

1.Өтініші  /үлгі  бойынша/.

2.Жеке  куәлігі  немесе  туу  туралы  куәлігінің  көшірмесі  нотариуспен  куәландырылған.

3.Білім  туралы  аттестаттың   түп  нұсқасы.

4.ЖСН.

5.3х4  суреті  4  дана.

6.Форма  086 у  медициналық  анықтамасы.

Мерзімі:  25  маусым айы мен   20 тамыз айы  аралығында электронды және қолма-қол  құжат  қабылдау  процесі  жүргізіледі  25-28  тамыз   аралығында  талапкерлер әңгімелесу  тәртібі  бойынша  конкурспен  оқуға  қабылданады. 

   Студенттерге  әлеуметтік  жағдайларына  қарай   тегін  жатақхана  қарастырылған.   

Үздік  оқыған  студенттерге  22000 теңге  көлемінде  шәкірт  ақы  тағайындалған.

Оқу ордасының тарихына көз жүгіртсек, іргетасы 1958  жылы  № 85 Селолық кәсіптік техникалық училищесі  болып  Жүзімдік машина-трактор станциясының базасында құрылған. Сол жауапты кезеңнен  бастап мекемені  Қорғанбаев Ноғайбай басқарған.

1958-1961 жылға дейін басшылық еткен  Қорғанбаев Ноғайбайдан  кейін басшылықты  оның оқу ісі жөніндегі орынбасары  Рүстемов Төрехан  1962 жылға дейін басқарды. 

Ал 1962-1971 жылдарда ұжымды  Әлжанов Сәни  басқарған  болатын.    

1983 жылы мекеменің атауы 1993 жылға дейін  №  26  Орта кәсіптік техникалық училищесі болып өзгертілген.

 Осы кезеңдерде мекемені  басқарған :

1971-1977 жылдары Тазабеков  Ізмахан 

1977-1984 жылдары  Хабиев  Сейілхан

1984-1985  жылдары  Пәрменов Әбдіғаппар

1985-1988 жылдары  Әбілқасымов Шабиден 

1988-1989 жылдары Сәрсенбеков Әлібек

1989-1990 жылдары Есенбекова Қарашашапайлар директорлық қызмет атқарған.

Осы жылдардағы  даярланған мамандықтар:

 Комбайнерде

Кең профильді тркторист-машинист

Ауыл  шаруашылығының механигі

Автакөлік жүргізушісі

Шопан механизатор

Бухгалтер-есепші

Дәнекерлеу мамандығы

Вет.санитарда

Дүкен сатушысы

Тігінші  мамандығы

Аспазшы

Электромонтер

 1993 жылдан 1997  жылға  дейін  № 19  Орта кәсіптік техникалық училищесі

  • дан 2000 жылға дейін № 19 Шаян кәсіптік техникалық мектебі
  • дан 2002 жылға дейін № 19 Алғабас кәсіптік техникалық мектебі

  2002  жылдан  2008 жылға дейін  № 19  кәсіптік мектебі болған.

   2008 жылдан 2012 жылға дейін мекеме атауы  № 19 кәсіптік лицей  қазыналық кәсіпорын мекемесі  болып өзгертілген. Осы  кезеңдерде  мекемені  Медеу  Құдайберген  басқарса,2011  жылдың  мамыр  айы  мен  2014  жылдың наурыз  айына  дейін директорлық  қызметті   Алиасқаров  Лесбек  басқарды.

   2012 жылдың  24  желтоқсан айынан бастап мекеме атауы   № 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып осы күнге дейін өзгертілмей келеді.

  № 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын  2014 жылдың сәуір  айынан     бастап  Омарбеков  Бақыт  Ербатырұлы  осы күнге дейін басқарып келеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.