КӨКСӘЙЕК: 602 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын колледж

Қазақстан Республикасының ұлттық білім берудің бірыңғай деректер қорының ақпаратына сәйкес қазіргі таңда  Түркістан облысында 64 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (колледж) жастарға кәсіптік білім беруде.

Көксәйек ауылындағы Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі 1958 жылы 20-ыншы наурызда Көксәйек (Георгиевка) машина–трактор станциясы және аудандық мәдениет үйінің негізінде №67 Георгиевка ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып ұйымдастырылды. 1965 жылы аудандық кәсіптік училище болып өзгертілді. 1971 жылы №67 орта білім беретін кәсіптік техникалық училище болды. 1985 жылы қыркүйек айынан №24 орта кәсіптік техникалық училище болып құрылды.  1996 жылдың тамызынан №9 кәсіптік техникалық мектебі мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 2004 жылдан бастап кәсіптік лицей, ал  2008 жылдың ақпан айынан №9 кәсіптік лицей мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «№9 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2016 жылдың 05 сәуірінен бастап, Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының «№9 колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып аталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылдың 07 желтоқсан №344 қаулысы негізінде «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылдың 21 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес, Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылдың тамыз 02 күнінен бастап №160 қаулыға сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК болып қайта аталды. Қазіргі таңда колледжді білікті басшы Жанәбіл Болат Серікұлы басқарады.

Меншік түрі: мемлекеттік (заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №080240018618 берілгені   04.09.2019ж Акт ППЗ ( № KZ24REA00112763  тіркеу номері) берілгені 03.06.2019ж.

Ширек ғасырға тарта уақытта бұл білім нәрін сусындатқан қара шаңырақтың атауы бірнеше рет ауысып келеді. Әрине уақыт сынап тәрізді сырғи өтеді, кетеді. Алайда осы жылдар арасында атаулы білім мекемесі өсті, қанаты қатайды. Қара шаңырақтың өсіп, өркендеуі жақсы, парасатты, білімді басшылардың үлесі әрине бір төбе, ол аптал азаматтардың ерен еңбектерін елеп, аттарын атауға міндетіміз.

Әбутәліп Тілеубердіұлы 1958-1959 жылдары Көксәйек (Георгиевка) ауылшаруашылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Айдағараев Кемелбек 1959 жылдан 1964 жылға дейін Көксәйек (Георгиевка) ауылшаруашылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Тілеубердиев Әбділәміт  1964-1966 жылдары №67 ауылшаруа-шылығын механизациялау училищесінің директоры қызметін атқарған.

Марчук Андрей Гордеевич 1966-1967 жылары  аудандық кәсптік техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған.

Юнусов Ташмет 1967-1972 жылдары Көксәйек ауылындағы №67 КТМ  директоры қызметін атқарған.

Усманова Софья Рахметовна 1971-1973 жылдары  Көксәйек ауылындағы №67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Сауруков Ахатжапбар 1973-1976 жылдары Көксәйек ауылындағы 67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Қожатаев Рахым Ыдырысұлы 1976-1987 жылдары Көксәйек ауылындағы 67 КТМ директоры қызметін атқарған.

Сейітұлы Жамбыл 1987-1997 жылдары Көксәйек кәсіптік техникалық мектебінің директоры қызметін атқарған.

Мәмбетқұлов Сыдық Кенжалыұлы 1997 – 2015 жыл  №9 колледж директор қызметін атқарған.

Жамшитов Рахымжан Матқалиұлы 2015-2016 жылдары №9 колледж директор қызметін атқарған.

Қазіргі таңда Түркістан көпсалалы-техникалық колледж директоры қызметін Жанәбіл Болат Серікұлы атқарып келеді.

Білім алушылардың әлеуетті контингентін қалыптастыру және талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыру мақсатында жыл сайын директордың бұйрығымен колледжде қабылдау комиссиясы құрылады.

Қабылдау комиссиясының құрамы колледж директорының бұйрығымен тағайындалады. Қабылдау комиссиясының жұмысы “Түркістан көпсалалы-техникалық  колледжінде оқуға қабылдау қағидалары туралы ереже” негізінде жүзеге асырылады. Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» бұйрығына сәйкес әзірленген.

Азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау: күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 20 тамызына дейін жүзеге асырылады.  Колледжге қабылдау кезінде бағдарлау талапкерге мамандық туралы, білім мазмұны, колледж құрылымы, қабылдау шарттары, колледж дәстүрі туралы толық ақпаратты жеткізу жолымен жүзеге асырылады.

Бұған колледжде өткізілетін үлкен кәсіби бағдар беру жұмысы жатады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты мен міндеттері:

* Кәсіби бағдар беру қызметінің негізгі мақсаттары:

* мектеп, гимназия және басқа оқу орындарының оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;

* осы колледжде оқу саласын саналы және негізді түрде таңдаған, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін студенттер контингентін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

* колледжге түсу кезінде болашақ талапкерлердің сапалы қабылдануын қамтамасыз ету;

* колледжде жүзеге асырылатын мамандықтарды дәріптеу;

  Кәсіптік бағдарлау жұмысының бағыттары:

 –Колледж мамандықтарын оқыту үшін жастарды олардың мүдделеріне сәйкес тарту

– Жалпы білім беретін мектептермен бірлескен жұмыс

– Талапкерлермен жұмыс.

Негізгі кәсіби бағдар шаралары:

Үгіт бригадаларының мектеп оқушылары, ата-аналар алдында кәсіби бағдар беру презентацияларымен таныстыру;

 Колледжге талапкерлерді қабылдау талапкерлер туралы мәліметтерді ескере отырып, жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында жүзеге асырылады:

 Мамандықтар, қабылдау комиссиясының жұмысы, колледжге түсу тәртібі және колледж сайтында т. б. туралы ақпарат орналастыру;

 Кәсіптік бағдар беру бағытындағы қалалық, аудандық іс-шараларға қатысу;

Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы;

Ашық есік күнін, колледж бойынша экскурсия өткізу;

Жарнамалық материалдарды (буклеттерді, тарату материалдарын дайындау және басып шығару);

Колледж туралы жарнамалық ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда орналастыру;

Оқушылар арасында олимпиада өткізу;

мамандық таңдаудың жеке мотиві;

колледжде өткізілетін іс-шараларға мектеп оқушыларын қатыстыру;

– 9-11 сынып оқушылары үшін дайындық курстарының жұмысын ұйымдастыру;

– байқау сынағы.

Кәсіби бағдар жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және қатысушылар:

– Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледж директоры бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Кәсіптік бағдар бойынша негізгі қызметті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы колледж оқытушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– кәсіби бағдар жұмысын жоспарлауға қатысады

– қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;

– қабылдау комиссиясының үй-жайын ресімдеуді ұйымдастырады

– көрнекі жарнамалық ақпаратты колледждің стендтері мен http://turkestan–kolledzh.rka.kz сайтына орналастырады. “Талапкерге” бөлімінде колледж мамандықтары туралы ақпарат орналастырылған;

– мамандықтар, формалар, оқу мерзімі, қабылдау ережелері, қабылдау, тестілеу өткізу, апелляция беру, қабылдау барысы және т. б. туралы ақпаратты колледждің ақпараттық стендтері мен сайтында орналастыруды ұйымдастырады.;

– колледж оқытушыларын, студенттерін қабылдау комиссиясында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарына тартады;

– талапкерлермен Мамандық таңдау бойынша, олардың қабілетіне, бейімділігіне және дайындығына сәйкес кеңес беруді ұйымдастырады ;

Қабылдау комиссиясының жұмысы:

   Қабылдау комиссиясы өз қызметінде келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III “Білім туралы”Заңы.
  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі.

* Түркістан көпсалалы-техникалық  колледжіне қабылдау ережелері

  • Қабылдау комиссиясы колледжге түсушілермен мақсатты қызмет ұйымдастырады:

* колледжде мамандықтарды таңдау бойынша талапкерлермен олардың қабілеттеріне, бейімділігіне және дайындығына сәйкес консультациялар өткізеді;

* талапкерлердің ата-аналарын колледж мамандықтары туралы хабардар етеді;

* колледжге түсу рәсімін ұйымдастырады;

* талапкерлерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Оқуға қабылданған студенттер бойынша барлық деректер контингентпен әрі қарай жұмыс істеу үшін оқу бөліміне беріледі.

Колледжде қазіргі таңда  602 студент білім алуда,олардан мемлекеттік тапсырыс бойынша-602 студент: Республикалық бюджет есебінен -212 студент ,Облыстық бюджет есебінен – 187 студент, аз қамтылған -113 студент, көпбалалы отбасынан – 286 студент, жетім – 6 студент, мүгедек студенттер -8.

Колледждің жұмысын іске асыру бойынша негізгі саясат студентке бағдарланған оқуды қамтамасыз ету болып табылады.Колледжде студенттердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін  негізгі және кәсіптік құзыреттіктерді қалыптастыруға ықпал жасайтын орта жасалған, сондай ақ студенттер білім беру процесінің белсенді серіктестері болып табылатын білім беретін бағдарламалардың тиімді меңгерілуін қамтамасыз ету жағдайлары  жасалады.

Оқу процесі студенттердің танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерімен, жеке тәжірибесімен,  білім беру мазмұнына сәйкес студенттермен біріккен жұмыс нәтижесі ретіндегі мұғаліммен жоспарланады, ұйымдастырылады және бағытталады.

Колледждегі білім беру процесі МЖББС ТжКББ, Пәндердің типтік бағдарламалары, типтік оқу жоспарлары, мамандықтардың СӨЖ, оқу және өндірістік практиканың жұмыс бағдарламалары, аралық және қорытынды аттестаттаудың бағалау құралдары талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Жалпы білім беретін бағдарламалардың мазмұны құзыретті тәсілмен негізделген. Білім беру бағдарламаларының мазмұнында болашақ маманның нақты практикалық жұмыста өзін жүзеге асыру қабілетін алуы үлкен мәнге ие болады.

Білім беру процесіне дуалды оқыту жүйесін енгізу: студенттердің теориялық білімдері әлеуметтік серіктестердің кәсіпорындарында  оқу, өндірістік, диплом алы практикаларында жүргенде пысықталады.

Колледждің жетістікпен жұмыс жасауының негізгі көрсеткіші тек қана түлектер саны ғана емес, маман дайындау сапасы да  болып табылады. Бұл көрсеткіштер бір-бірімен байланысты және оқытудың тиімді технологиялары қолданылады, ББ материалды базасын жаңарту, түлектердің еңбек нарығындағы жетістігі және басқалар сияқты  элементтердің көмегімен қол жеткізіледі, оның жақсаруына колледж ұжымы жұмыс жасауды жалғастырып жатыр.

Оқу процесінің сапасын көтеру мақсатында колледждің әкімшілік педагогикалық құрамы студенттерді оқу процесінің нәтижесін бағалау, емтихан, сынақ және үлгерімді бағалаудың басқа түрлері жайлы уақытылы хабардар етіп тұрады. Оқу процесінің кестесі, сабақ кестесі, емтихан, консультация кестелері, колледждің жұмысы бойынша ағымдағы ақпарат стендтерде ілінеді. Жылына екі рет студенттер сынақ емтихан сессиясын тапсырады. Сынақтар мен емтихандар мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған пәндері бойынша өткізіледі. Емтихан сессиясы кезінде сынақ, емтихан, бақылау жұмыстарының бағасы тізімдемеге  қойылады. Аттестаттау және семестр бағалары   жиынтық тізімдемеге қойылады. Емтиханның барлық қорытындылары топ жетекшісімен  сынып сағатында талқыланады, ата-аналарды ашылған чаттар, кездесулер, ата-аналар жиналысы арқылы хабардар етеді.

Колледжде ұсынылатын білім беру қызметінің тиімділігін үздіксіз бақылау жүргізіледі, мониторинг жүргізіледі, ол үшін бөлім меңгерушілері және оқу бөлімі жауапты. Мониторинг нәтижелері бойынша білім сапасын жақсарту үшін оқытудың жетістік факторы және пайда болған мәселелерді шешу жолдары анықталады.

Студенттер тобымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін директордың бұйрығымен топ жетекшілері тағайындалады. Олар студенттердің топтағы жұмысын ұйымдастырушы және тікелей студенттермен де оқытушылармен де әрекеттесетін тәрбиелеу әсерлерінің бағдарлаушысы   болып табылады. Олардың көмегімен студенттердің жеке қажеттіліктерін есепке алу, қолайлы оқыту траекториясын ұсыну, білім беру ұйымымен анықталатын пәндерді таңдауды  жүзеге асырылады.

Колледждің педагогикалық ұжымына әлеуметтік белсенді көзқарасы бар тұлғаны, студенттерде «сөз еркіндігі» түсінігін қалыптастыру, дискуссияны, дауды дұрыс жүргізу қабілетін, өз көз қарасын аргументпен қорғау қабілетін, өзгені тыңдау және өзгемен тыңдала білуді дамытуға үлкен жауапкершілік артылған.

«Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты ҚР Үкіметінің 12.12.2017 жылғы №827 (3.1. Қосымшасы) қаулысы – тұрақты экономикалық өсуге , экономика мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сапасын жақсартуға жету үшін сандық экожүйені қарқынды дамыту.

Педагогикалық жұмыста оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдану, оларды бағалау мен дұрыстау үшін үздіксіз кері байланыстың болуы, бірқатар артықшылықтар береді: олар студентерді білім алудың белсенді жолдарына үйретуге көмектеседі; жеке әлеуметтік белсенділіктің едәуір жоғары деңгейін меңгеруге мүмкіндік береді; студенттер оқу кезінде үйренбеуі мүмкін емес болатын жағдайлар жасайды; студенттердің шығармашылық қабілеттерін ынталандырады; оқуды күнделікті өмірдегі практикаға жақындатуға көмектеседі, пән бойынша білім, қабілет және дағды ғана қалыптастырып қоймай, белсенді өмірлік ұстанымды да қалыптастырады.

Біздің колледждің оқытушыларында белсенді оқыту әдістері ерекше қызығушылық шақырады, олар білімді тиімді меңгеруге ықпал етеді, кәсіби шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін практикалық зерттеу дағдыларын қалыптастырады; білімді қарапайым жинаудан зерттеу жұмысының дағдылары мен өздігінен іздеу механизмдерін жасауға өту тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді; тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастырады; танымдылық белсенділігін көтереді; шығармашылық қабілеттерді дамытады; студенттердің белсенділігін көрсетуге ықпал жасайтын психологиялық жағдайлар жасайды.

Оларға ақпараттық – коммуникациялық, тұлғалық –бағдарлық технологиялар, проблемалық оқыту, білімді бақылаудың тест формалары, блоктық-модульдік оқыту, жоба мен зерттеу әдісі, ойын әдістері, рольдік және іскерлік ойындар, сыни ойлауды дамыту әдістері, ынтымақтастықта оқу, бір деңгейлі оқу, кіріктірілген сабақтар өткізу, және басқа жатады.

Компьютерлік технологиялар оқу материалын ұсынудың заманауи формасын қамтамасыз етеді, жоғары ақпараттық қанығуға ие, оқу ақпаратымен жедел алмасуға мүмкіндік береді. Студенттер оларды қолдануда айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетуде: презентациялар, жобалар, зерттеу жұмыстарын дайындайды – бұл өзіндік және танымдық жұмысты іске қосады, студенттердің оқуға мотивациясының деңгейін жоғарылатады, бұл өз кезегінде білім сапасының көтерілуіне алып келеді, осының барлығын қолдану мүмкін себебі 7оқу кабинеттері интерактивті жабдықтармен және компьютермен жабдықталған.

Студенттерді оқытушының тарапынан қолдау мен көмектесу механизмдерінің болуымен өздігімен және автономды болуына ынталандыру біздің колледжде маңызды ролді ойнайды. Оқуда ерекше  жетістіктері үшін, спорттық, мәдени-бұқаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студенттерге моральді ынталандырудың әр түрлі формалары бекітілген: ерекше дарынды студенттерге мақтау қағазы, диплом, алғыс хаттармен марапаттау қарастырылған. Марапаттау салтанатты түрде «жиналыстарда» жүргізіледі. Ең үздік студенттердің суреттері ақпараттық стендтерде ілінген. Осылай соңғы үш жылда колледждің студенттері мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталған.

Колледж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға , аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау үшін өз жұмысын дамытуда, және әкімшілік тарапынан құқықтары мен заңдылықтың сақталуына жүйелі бақылау жүргізіледі. Студенттерге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 Қаулысымен бекітілген  «Әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесіне» сәйкес көрсетіледі.

Студенттерге «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген стандартты бекіту туралы Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №396 бұйрығымен көмек көрсетіледі. Сондай ақ тамақтануға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасынан да қаржыландыру бөлінген, сонымен барлық 602 студент бір мезгіл  колледж асханасында тегін тамақтанады.

Студенттердің шағымдарын, өтініштерін қарастыру мен жауап беру, оқу, тәрбие процесін жақсарту, студенттердің қажеттіліктерін зерттеу  мақсатында  корпустың         1 қабатында оқытушылар мен студенттер үшін «Сенім жәшігі» орнатылған, оны айына 1 рет колледж заңгері Е.Алишев, директордың ТІЖ жөніндегі орынбасары Б.Н.Жолшыбеков және жастар комитетінің төрағасы Қ.Рустемов ашады. Шағымдар мен пікірлер үшін тіркеу журналы жүргізіледі, соңғы бес жылда 40 пікір болды. Барлық пікірлер директор жанындағы кеңесте қарастырылған, яғни олардың нәтижесі туралы студенттерге жиналыстарда, сынып сағаттарында және топ басшылар жиналысында хабарланады. Студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылауды оқытушылар сабақтарда жүргізеді. Студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылауды ұйымдастырудың формасы сабақтарда оқушылардың білімін бағалау болып табылады – бұл олардың құзыреттіктерін қалыптастыруға бағытталған  ауызша және жазбаша сұрау , тесттер өткізу, үй жұмыстарын орындау, бақылау жұмыстары, жеке шығармашылық жұмыстар. Ағымдағы аралық аттестаттау бағалары топтардың журналдарына қойылады, оқу пәндерін меңгеру деңгейлері келесі бағалармен анықталады: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлық емес»  олардың сипаттамасы колледже оқушыларға үлгерімнің ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу ережелерінде көрсетілген.

Аралық бақылаудың нәтижелері бойынша студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуының мониторингі жасалады. оның нәтижелері ӘБ отырысында, Оқу бөлімінің жанындағы кеңесте, директор жанындағы кеңесте талданады және пелкеңеске шығарылады, оны біздің хаттамалар растайды.

Пәндер бойынша үлгерім мен білім сапасының мониторинг талдауы жүргізіледі. Студенттердің үлгерім көрсеткіші соңғы жылдарда 0,9% көтерілді және 96% құрайды. Бұл студенттік орталықтанған оқытудың жүйелігін дәлелдейді және оқыту прогресін бақылауға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық талаптарды толығымен орындаған, емтихан сессиясын жетістікпен тапсырған студент директордың бұйрығымен келесі курсқа өткізіледі. Аралық сессияға шықпайтын пәндер бойынша оқытушы ағымдағы үлгерім бағаларына сәйкес қорытынды баға қояды.

Оқу жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі қорытынды аттестаттаудың нәтижелері болып табылады. Студенттердің қорытынды аттестаттауы Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушыларын ағымдағы үлгерім бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу типтік ережелерін бекіту туралы негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы.

Қорытынды аттестаттау дипломдық жоба мен жұмыстарды қорғаудан тұрады. Арнайы пәндер бойынша дипломдық жұмыстардың тақырыптары ӘБ отырыстарында алдын ала талқыланады және заманауи талаптарға сәйкес жаңартылады.

Студенттердің жоспарланған оқу нәтижелерінің жетістіктерін көрсетуі әр түрлі деңгейдегі іс-шараларда қатысуымен көрсетіледі.

Танымдық қызығушылықты көтеру үшін және құзыреттіктер бойынша білімді меңгеру белсенділігі үшін колледжде жыл сайын ӘБ апталықтары өткізіледі, олардың шеңберінде келесі іс-шаралар жоспарланады:

  • зияткерлік байқау ойындар
  • техникалық шығармашылық пен қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі байқауы
  • барлық ӘБ бойынша мамандықтарға сай « Үздік маман» байқауы

Оқытудың сапасын бақылау жүйесі ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізуге талаптар арқылы жүзеге асырылады. Үлгермеуші студенттер бөлім меңгерушісімен, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарына, колледж директорына әңгімеге шақырылады, әдістемелік бірлестіктің, оқу тәрбие комиссиясының отырыстарына шақырылады.

Барлық оқытушылар директордың бекіткен кестесі бойынша қосымша сабақтар жүргізеді, мұнда оқушы қалып қойған сабақтардың материалдарын меңгеру мүмкіндігін алады.

Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, бөлім меңгерушілері пәндер бойынша  қосымша сабақтардың өткізілуін бақылайды, ай сайын топтар мен пәндер

бойынша  үлгерім, білім сапасы және қатысу мониторингін талдайды.

Түлектердің МЖББС талаптарын орындауға дайындық деңгейі қорытынды аттестаттауда анықталады.

Студенттердің ағымдағы, аралық және қорытынды жетістіктерін оқыту процесінде  бағалау әділдігі мәселесі  оқушылардың мотивациясымен және мамандар дайындау процесіндегі студенттердің білімді меңгеру сапасымен тығыз байланысты.

Колледж студенттерінің қанағаттану деңгейін мониторингтеу шеңберіндегі өткізілген зерттеулерді талдай отырып келесі қорытыныларды жасауға болады:

  • колледждің студенттерінің басым бөлігі жалпы өз студенттік өміріне қанағаттанады;
  • студенттердің 89 % астамы колледжде оқу беделді деп санайды;
  • олар колледжді оқу үшін таңдаған себебі бұл жерде жақсы білім береді деп санайды.

Жыл сайын мемлекеттік тапсырыстың бөлінуі оқу орындарында кәсіпорындардың мамандарға қажеттілігінің мониторингі есебінен қалыптастырылады.

Студенттердің колледжде оқуына бейімделуі өзімен көпдеңгейлі  процесті көрсетеді, ол өзіне әлеуметтік психологиялық бейімделудің құрамдас элементтерін қосады және студенттердің зияткерлік және жеке мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.

Студенттік контингенттің қалыптасуы мен қозғалысы оқуға қабылдау ,сондай ақ ауыстыру мен студенттерді қалпына келтіру есебінен жүргізіледі.

Қабылдау шарттары мен ережелері, оқуға қабылдау, ауыстыру мен қалпына келтіру процедурасы туралы ақпарат колледж стендтерінде ілінеді.

Студенттерді ауыстыру мен қалпына келтіру процедурасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің уақытша міндетін атқарушысының  2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен бекітіліген  «Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы оқушыларды ауыстыру және қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Сабақтар оқу процесінің кестесіне сәйкес өткізіледі.

Контингенттің қозғалысы оқудан шығару, ауыстыру, қалпына келтіру нәтижесінде жүреді.

Студенттерді оқудан шығару ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 “Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы” 13.05. 2016 ж № 318 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, және колледж Жарғысымен реттеледі.Колледжде контингенттің сақталуы бойынша ай сайын топтар бойынша ата-аналар жиналысы өткізіледі, топ жетекшілерінің студенттермен және олардың ата-аналарымен жеке жұмысы жүргізіледі. Ай сайын курс бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын таныстырумен жұмыс линейкасы және топтар бойынша әр аптаның дүйсенбі күндері тәрбие сағаттары өткізіледі. Нәтижесінде колледж контингенті соңғы жылдары 739-602 аралығында тұрақты. Бітірушілерді қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген “білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне” сәйкес жүргізіледі және колледжде білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.  Қорытынды аттестаттауды өткізу үшін бір ай бұрын колледж директорлары құрылады.

Комиссия техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беру стандартында белгіленген студенттердің теориялық және практикалық дайындық деңгейінің сәйкестігін; нақты білім, білік және арнайы пәндер деңгейін, олардың колледждің барлық мамандықтары бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін анықтайды.

Студенттерді қорытынды аттестаттау оқу процесінің графигінде және жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған мерзімде өткізіледі, Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаларды қорғау түрінде өткізіледі.                                                                                                      Кешенді мемлекеттік емтихандар және дипломдық жобаларды қорғау түріндегі мемлекеттік қорытынды аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі. Жалпы дипломдық жобалар талаптарға сәйкес сапалы орындалады. ОПП және ДК бойынша біліктілік емтиханын табысты тапсырған студенттерге нақты мамандық бойынша тиісті разряд, біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы сертификат беріледі.

Бітірушілерге білім туралы құжаттарды беру және ресімдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 “Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес және колледж директорының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Білім туралы құжаттарды беру есебі “Диплом беру кітабында” жүргізіледі.

Білім туралы құжаттарды және дипломға қосымшаларды толтыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығымен бекітілген “Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарға” сәйкес жүзеге асырылады. Дипломға қосымша студенттердің оқу жүктемесін орындағаны туралы ведомость негізінде және МЖМБС және оқу жұмыс жоспарында көзделген көлемде пәндер бойынша алған бағаларымен толтырылады. Дипломға қосымшада сағат көлемі көрсетілген әрбір оқу пәні бойынша қорытынды бағалар жазылады.

Бітірушілердің практикасын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген “кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына және практика базасы ретінде ұйымдарды анықтау қағидаларына” сәйкес жүзеге асырылады. Практикалардың мерзімі мен мазмұны оқу жұмыс жоспарларымен, оқу процесінің графигімен және оқу жұмыс бағдарламаларымен анықталады. Практика бағдарламасы ӘБ отырысында қаралады, практика базасы ретінде анықталған кәсіпорындармен келісіледі және директормен бекітіледі.

Түлектердің практика базасы ретінде анықталған ұйыммен оның түрін көрсете отырып, практика өткізу туралы шарт жасалады, бүгінгі күні жұмысқа орналастыру 71% құрайды.

Студенттер мен түлектердің дайындық сапасы туралы пікірлер кәсіби тәжірибе бойынша есептерде және біліктілік комиссиясы төрағаларының есептерінде көрсетілген, олар дайындық деңгейінің жұмыс берушілердің қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін көрсетеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.