
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N10 жалпы орта мектептің кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын қызықты өткізулері үшін «Кітаппен жаз қызық» тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Оқушылар жазғы демалыс кезіндегі уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізулері үшін кітап оқумен айналысуда. Олар өздерінің қызықты оқыған әдеби кітаптарын келесі оқушыларға жолдап, челенжді жалғастыруды сұранды.
