Шымкент: Қала әкімі оқушысы көп Сайрам шағынауданындағы мектептердің қосымша құрылыстарын көріп қайтты

Сайрам шағынауданында бала саны артып келеді. Осы орайда, осы шағынаудандағы мектептер жөндеуден өтіп, кеңейтілуде. Сондай мектептердің бірқатарында жүргізіліп жатқан құрлысты қала әкімі Мұрат Әйтенов өз көзімен көріп қайтты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірінші кезекте атбасын №65 мектеп-гимназиясының қосымша ғимарат құрылысымен танысты.

2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады.

Жобада 25 оқушыға лайықталған 24 сынып бөлмесі, ашық спорт алаңы, онда футбол мен жүгіруга арналған арнайы жол және есік алдына субұрқақ, қоқыс контейнерлеріне арналған орын қаралып отыр.

Қосымша ғимарат қажеттілігі жөнінде 2021 жылы сынама өткізіліп, оң қорытындысы шыққан. Қазір құрылысқа бөлінген жер көлемінің аумағы 0,92 га, құрылыс ауданы 1995,85 шаршы метрді құрайды.

Осы жылдың наурыз ауында басталған жұмыстар 2023 жылдың тамызында аяқталмақ.

Келесі кезекте шаһар басшысы осы аудандағы көне мектептің бірі – 107 мектепке барды. Сайрам шағынауданында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім ұясының ендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен.

Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да — өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. Жоғарыда аталған ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталыпты.

Ал, жөндеу жұмысынан кейін едендер жаңысына ауысып, есік алдына кіреберіс салынады. Электр желілері ауыстырылып, әр сыныпқа ауыз су тартылады. Сонымен бірге, мектеп ішіне әжетхана жұмыс істейді және ол орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Одан бөлек, сметалық жобада оқу ғимаратының шатырын ауыстыру, сыртқа қабырғаның барлығын арнайы материалмен қоршау және спорт алаңын жаңарту жұмысы қаралған. Жөндеу жұмысы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы атқарылған.

Айта кетейік, биыл қалада 5 мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.