
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіріп, мәйітін қорлаған деген 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкім оқылды. Сот олардың бірін 22 жылға бас бостандығынан айырды. Ал оның серігін 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеді.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіріп, мәйітін қорлады деген 19 жастағы жігіт пен оның серігіне қатысты үкімді оқыды. Сот Нұрсұлтан Тойлыбайды «Адам өлтіру» және «Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 22 бас бостандығынан айырды. Ал онымен бірге істі болған 18 жастағы Дінмұхаммед Сейітбек «Қылмысты жасырып қалу» бабымен айыпталып, 1 жыл 4 айға бас бостандығы шектелді.
«Соттың тұжырымы сотталушылардың мойындауларымен, куәлердің жауаптарымен, айғақ заттармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен қуатталды» — дейді Шымкент қалалық соты.
Қалалық соттың мәліметінше, ІІІ топ мүгедегі Нұрсұлтан Тойлыбай кінәсін ішінара мойындап, шын өкінетінін жеткізген. Ал оның серігі Дінмұхаммед Сейітбек кінәсін толық мойындаған. Екі сотталушы да бұрын-соңды істі болмаған.
Айыптау актісіне қарағанда, оқиға желісі былай өрілген: Нұрсұлтан Тойлыбай марқұм 17 жастағы бойжеткен 2024 жылдың наурыз айында «Instagram» желісі арқылы танысқан. Олар қыз жігіт ретінде қарым-қатынаста болған екен. Көп ұзамай аралары суып, 11 наурызда Береке Нұрсұлтанға байланысты үзетінін хабарлаған. «Instagram» желісінде оны қара тізімге жіберген. Бұған Нұрсұлтан ашуланған. Ертеңіне базардан пышақ сатып алған. Арнайы жеңіл көлікті жалға алып қызбен арақатынасына нүкте қою үшін кездескен.
Марқұмды қала сыртына шығарып, денесіне, яғни сол жақ көкірек тұсына бір рет, артқы тұсынан екі рет соққы жасаған. Айыпталушы жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізу үшін оның мойнына тағы бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің өлгеніне көз жеткізгеннен соң мәйітті қорлау пиғылы туған.
Прокурор Әскербек Пошимовтың сөзіне сүйенсек, «Содан Нұрсұлтан Тойлыбай өзінің қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізу мақсатында жәбірленуші Е.-нің киімдерін толықтай шешіп, жалаңаш денесіне қарап отырған. Сөйтіп сол қолына пакетті киіп, жыныстық құмарлықты сезіну мақсатында жәбірленуші Е.-нің аналық жыныс мүшесіне сұқ саусағын бірнеше рет тығып, өзінің іс-әрекетін ұялы телефонына түсіріп, қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізген».
Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 12 наурызда болған. Үкім заңды күшіне енбеген.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
