
Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы бүгін өткен «Ордабасы» – «Тобыл» футбол матчы барысында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды.
Спорттық шараға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда тәртіп сақшылары стадион аумағында, кіреберіс және шығаберіс бағыттарында, сондай-ақ жанкүйерлер көп жиналатын аумақтарда қадағалауды күшейтті. Басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың сүйікті командаларына алаңсыз қолдау көрсетуіне жағдай жасау. Бұл ретте Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және спорттық мерекенің бейбіт әрі жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
«Осындай ауқымды іс-шараларда тәртіптің сақталуы – полиция мен халықтың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз әрқашан қоғам тыныштығы мен азаматтардың амандығын бірінші орынға қоямыз», — дейді тәртіп сақшылары.
Тәртіп демекші, Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жүргізген бір нүктелік рейдтік іс-шара барысында “TOYOTA CAMRY” маркалы автокөлік жүргізушісі жолда авариялық жағдай туындатқаны үшін тоқтатылды. Аталған құқықбұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік хаттама толтырылды.
Патрульдік полиция полкі жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Әрбір жүргізуші жолда тек өзінің ғана емес, өзгенің де өмірі мен денсаулығына жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
