
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілер арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары аса маңызды жұмыстардың бір болып табылады. Осы орайда, Шымкент қаласының полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, сотталғандар арасында әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Бұл шаралар оларды түзету, тәрбиелеу және қоғамға қайта бейімдеу мақсатында жүзеге асырылады. Осындай іс-шаралардың бірі №53 мекемеде өтті. Оның барысында оларды сауатты өмір салтын ұстануға шақыру, еңбекке, оқуға және пайдалы істерге тарту арқылы бос уақытын тиімді пайдалану, нашақорлықтан арылған адамдардың оң тәжірибесімен бөлісу жолымен дәріс оқылды.
«Қалалық полиция департаменті бұдан әрі де қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру шараларын тұрақты өткізілуін қамтамасыз етеді», — дейді тәртіп сақшылары.
Тағы бір назар аударатын мәселе, 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында мегаполисте «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ата-аналар мен жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.
«Барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасаймын: жаңа оқу жылының басталуына байланысты қала көшелерінде, әсіресе, мектептер мен балабақшалардың маңында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз» — дейді Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің рота командирі полиция майоры Мақсат Мусаев.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны К.Басымбекова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ал Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Алтын дән» бөбекжай-бақшасына барды. Полиция қызметкерлері бүлдіршіндерге жолда жүру ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын үйретті. Сондай-ақ балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға күнделікті өмірде жол ережесін сақтау маңызды екенін айтты.
Балалар жолда тәжірибесіз, олар көлік қозғалысының қауіптілігін толық түсіне бермейді. Сондықтан әрбір ересек адам – ата-ана, жүргізуші, жаяу жүргінші – олардың қауіпсіздігіне жауапты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
