
Шымкент қаласы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Ақпарат байланыс басқармасы, Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы департаменті, қала әкімі аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмысын қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілеріне жатқызылған Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелері басшыларымен жиын өткізілді.
Жиын барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайту және жарақтандыру бойынша, объектілердің тиімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, ықтимал дағдарыстық жағдайларда уақытылы ден қою мақсатында, денсаулық сақтау объектілері басшыларына бейнебақылау камераларды қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау мәселесін қарастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Террористік тұрғыдан осал объектілер дегеніміз – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер. Террористік тұрғыдан осал объектілерге, яғни, адамдар көп жиналатын объектілер қатарына – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары жатады.
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады. Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы деп анықтама берілген. Сондықтан мұның табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан құбылыс деп түсінуге толық негіз бар.
Терроризм мен экстремизмге, соның ішінде діни сипаттағы аталған келеңсіздіктерге қарсы күрес – мемлекет алдында тұрған басым міндеттің бірі. Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына сызат түсіретін заман қасіретіне қарсы бағытталған шаралардың мемлекеттік жүйесін Ұлттық қауіпсіздік комитеті үйлестіретін болса, Ішкі істер министрлігі күштік құрылым ретінде соның құрамында өз құзыреті шегіндегі міндеттерін жүзеге асырады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
