
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша Шымкент қалалық аумағында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, сондай-ақ олардың барлық көріністері де қауіпті екендігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жөнінде ақпараттық-насихаттау және білім беру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылып, Шымкент қаласы полиция департаментінің сайттарында, «ИНСТАГРАМ» интернет желісіне, «Отырар» телернасына, «Айғақ» газет және телеарналарына мақалалар жарияланып келеді. Бұл жөнінде бүгін Шымкент өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы полиция департаменті ЖПҚБ Отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Диана Сахибекова мәлімдеді.
Барлығы 565 материал жарияланыпты (интернет желісі — 519, баспасөз — 14, теледидар — 15, радио — 12, ақпарат агенттіктері — 5).
Бұдан басқа, Шымкент қаласының теміржол вокзалында, Анаров көшесі №9 ғимаратта орналасқан «Әйелдер және құқық әлеуметтік бюросында» ашық есік күні ұйымдастырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Білім беру мекемелерінде де алдын алу бағытындағы шаралар қолға алынған. Мәселен, Абай Құнанбаев атындағы мектеп пен №85 мектепте «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою алгоритмі» тақырыбында дәрістер өткізілді. Жастар ресурстық орталығында психолог мамандардың қатысуымен «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
2025 жылы сәуір-маусым айларында өткен «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында 370 жарияланым (оның ішінде: интернет желісі — 338, баспасөз — 10, теледидар — 7, радио — 11, ақпарат агенттіктері – 4) жарияланып, 81 іс-шара (оның ішінде: лекциялар — 49, «дөңгелік үстел» — 13, семинарлар – 13, тренинг – 5, конференция – 1) өткізілді. Іс-шаралар қатарында лекциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, тренингтер және конференциялар болды. Қарағандыдан басталған челендж-флешмобты Шымкент жалғастырып, кейін Қызылорда облысына жолдады. Бұл акция республикалық деңгейде жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленді.
Ауқымды акция өткізу кезінде қоғамдық челендж-флешмоб эстафетасын Қарағанды қаласынан Шымкент қаласы қабылдап, «Біз қоғам болып халықтың назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына көңіл аудара отырып, зорлық-зомбылыққа қарсылығымызды білдіреміз» тақырыбында ары қарай, осы челендж-флешмоб эстафетасын Қызылорда облысына жолдады.
Полиция департаментінің ұйымдастырып, түсірген флешмобы Ішкі істер министрлігі тарапынан оң баға алып, республика бойынша бірінші орынға ие болған.
Бұдан басқа, полиция департаменті тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі әзірленген шаралар шеңберінде отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасының тиімділігін арттыру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, тоқсан сайын проблемалық мәселерді талқылау үшін жұмыс кеңес өткізілуде. Оған Шымкент қалалық прокуратурасы, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту басқармалары, Спорт басқармасы, Білім басқармасының өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысқан. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауға алынып, жалғасын таппақ.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
