ШЫМКЕНТТЕ 5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Шымкент қаласында жаңа жобалар қолға алынуда. Осы орайда шаһар басшысы Мұрат Әйтенов жаңа жобалармен танысып, «Тассай» индустриалды аймағын аралады.

«Қалада өндіріс орындарының көп болғаны өте маңызды», — деп бастады өз сөзін әкім. «Кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Енді іске қосылғалы тұрған осы кәсіпорындарға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан жер бөлінген болатын. Бұдан да өзге мәселелерді бірге шешуге дайынбыз, — деді ол.

Осылайша шаһар басшысы бірінші болып ат басын мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясына бұрды. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт келесі жылдың ортасында аяқталып, іске қосылмақ. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылыпты. Кәсіпорын жылына 10 бірлік өнім шығарады. Жалпы жоба құны 750 млн теңгені құрайды. Пайдалануға берілсе, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Одан кейін медициналық зертханаға қажетті вакуум түтіктерін өндіретін «Экофарм интернейшнл» ЖШС-ін аралады. Құрылысы 2019 жылы басталған жобаның бүгінде І кезеңі аяқталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға көзделіп отыр. Кәсіпорын іске қосылғанда, жылына 70 миллион дана медицинаға қажетті құрал өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, 200 адам жұмыспен қамту жоспарда бар.

Келесі нысан медициналық зертхана жабдығын өндіретін «Bio Etica» және «Про-Тек-МП» бірлескен ЖШС-і. Жылына 1 миллион дана жабдық шығаратын зауыттың құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы орындалған. Кәсіпорын осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. Аумағы 0,25 гектар жерге орналасқан жобаға 125 миллион теңге қаржы тартылыпты.

Жалпы, биыл шаһар бойынша 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі  52,3 миллиард теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды. Олардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткен орынды. Жоба құны 23,4 миллиард теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 миллион дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Le système Android vous permet de prendre des captures d’écran sans aucun autre logiciel. Mais ceux qui ont besoin de suivre secrètement des captures d’écran à distance ont besoin d’un tracker de capture d’écran spécial installé.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.