ШЫМКЕНТТЕ 50 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық іс-шара өтеді. Оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Атап айтқанда, оның:

11-і – «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі) өтетін жарысқа 2 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарланып отыр.

16-ы – «Қазақстан Республикасының чемпионаттары». Ол спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) өтеді. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде.

23-і – «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Жарысқа 5 мыңға жуық бала қатыспақ.

Спортшыларымыз байрақты бәсекеде өз шеберліктерін көрсетіп, биіктерді бағындырар деген сенімдеміз.

Айта кетейік, шымкенттік спортшылар жыл басынан бері спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 312 алтын, 271 күміс, 310 қола медаль жеңіп алған екен. Тарқата айтсақ, Азия чемпионаттарында 31 алтын, 9 күміс және 16 қола медальдарға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальге ие болды. Сондай-ақ, рейтингтік Халықаралық турнирлерде де спортшыларымыздың жетістігі орасан.

Спорттағы биік табыстарға жетуде мемлекеттің қолдау ерекше. Мәселен, Шымкент қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, 2022 жылы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2,3 миллиард теңге қаралып, 14 мың баланы тегін спорттық секциямен қамту жоспарланып отыр. Жан басына қаржыландыру спорт инфрақұрылымын дамытуға, салауатты өмір салтын белсенді насихаттауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берері анық.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Niektóre programy wykrywają informacje o nagraniu ekranu i nie mogą wykonać zrzutu ekranu telefonu komórkowego.W takim przypadku można użyć zdalnego monitorowania, aby wyświetlić zawartość ekranu innego telefonu komórkowego.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.