«Шымкенттің барысы» белгілі болды

«Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды.

Шымкентте «Қала күніне» орай қазақша күрестен белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты. Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысты.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық аренасында өткен іріктеу турнирінде палуандар 30 белдесу өткізді.

Нәтижесінде, жүлделі 1-орын алған Ерсұлтан Мұзаппаров және де 2-орынға ие болған Нұрсат Темірхан «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Енді бұл екі спортшы қала намысын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалыұ турнирінде үшінші мегаполистің намысын қорғайтын болады.

Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Ерсұлтан Мұзаппаровқа автокөлік сыйлыққа берілді. Нұрсат Темірхан спортшымызға қаржылай 350 000 тенге, 3-орын иегері Нұрсұлтан Қожагелдіге қаржылай 150 000 теңге сыйлық табысталды.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» турнирі идеясының авторы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы — Арман Шораев. Биыл он екінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды сайыстың басты мақсаты — қазақ күресінің насихатын арттырып, Қазақстан халқының патриоттық сезімін ояту. Қазақ күресін әлемге танытып, Азия ойындары мен Олимпиада бағдарламасына енгізу де көзделіп отыр. Ол үшін «Қазақстан барысы» секілді ірі жоба арқылы қазақ күресінің ел және шетелдегі насихатын арттыра түсу керек.

Біле жүріңіз, қазіргі таңда қаланың 4 спорт мектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсіби түрде шұғылдануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Keyloggery są obecnie najpopularniejszym sposobem oprogramowania śledzącego, służą do pobierania znaków wprowadzanych z klawiatury. W tym wyszukiwane hasła wprowadzone w wyszukiwarkach, wysłane wiadomości e — Mail i treść czatu itp.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.