
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері әмбебап жекпе-жектен Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында биік тұғырдан көрінді.
26 мамыр мен 30 мамыр аралығында өткен байрақты бәсекеге 600-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері де болып, ел намысын қорғады.
Әмбебап жекпе-жектің классикалық түрінен сынға түскен қос студент — Дидар Бақытжан мен Муслим Асадиллаұлы намысты қолдан бермей, алтын жүлдені иеленді. Айта кетейік, Дидар 55 келіде, ал Муслим 80 келіде қарсылас шақ келтірмеді.
Спортшыларымыздың жеңісі баршамызға құтты болсын!