Түркістан: 70 студент Түркиядағы жазғы мектепке аттанды

Университет ректоры Жанар Темірбекова Түркия Республикасының Шетелдік түркілер және Бауырлас қауымдар басқармасының басшысы Абдулла Эренмен кездесті.
Кездесу барысында ректор Жанар Темірбекова Түркия Республикасының Шетелдік түркілер және Бауырлас қауымдар басқармасының басшысы Абдулла Эрен мырзаға Ахмет Ясауи университетінің Еуразия жазғы мектебін ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Биылғы жылы Өкілетті кеңес басқармасы мен оқу ордамыз ұйымдастырған «Еуразия» жазғы мектебінің алғашқы 70 студенттен тұратын тобы кеше Түркия еліне аттанған болатын. Онда 20 күндік бағдарлама аясында түрлі сала бойынша тренингтер мен кездесулер өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар Түркия елінің Стамбул, Анкара, Бурса және Кония қалаларының бай тарихи және мәдени мұраларымен танысады.
Айта кететін жайт, біздің студенттер Еуразия жазғы мектебі аясында бауырлас елдің қоғамдық ұйымдар мен белді университеттердің тыныс-тіршілігімен де танысатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.