АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 7453 АДАМДЫ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРДА БАР

Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22% орындалды. Бұл туралы «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Оның ішінде:

— 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты;

— 26,4 мың адамды жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты;

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Басқарма басшысы Ж.Утебаева субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 288 адам жолданғанын айтты. Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан.

Қаламызда 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.

Құрылған жұмыс орындарының есебі «Enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі.

Жиында, 2024 жылға арналған 400 АЕК көлеміндегі қайтармсыз грант туралы да сөз етілді. Биыл бұл бағытта 426 шымкенттік грантқа қол жеткізе алады екен. Биылғы жылы екі лек бойынша ғана құжаттар қабылданады. Сондай-ақ, Ж.Утебаева биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие берілетінін айтты.

Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі. Ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin