Сауран ауданы: Иассы ауылдық округінде бір жерден 2-3 өнім алу бойынша 4 жоба іске асырылды

Иассы ауылдық округінің әкімі С.Турметов 2022 жылдың 10 айында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарған жұмыстарын тілге тиек етті.

Округке қарасты екі елді мекен бар. Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекендері, мұндағы халық саны – 3076. Оның 2713-і (ерлері — 1417, әйелдері – 1296) Еңбекші Диханда, 363-і (ерлері -153, әйелдері – 210) Шойтөбеде тұрады. Ұлттық құрамына келсек, қазақтардың саны – 1690, орыстар — 3, өзбектер — 1383.  Экономикалық тұрғыда белсенді халық саны — 1951 адам.                      

Иассы ауылдық округіне қарасты әлеуметтік қызмет нысандары: жалпы орта мектеп — 1, бастауыш мектеп — 1, дәрігерлік амбулатория — 1, ФАП — 1,    дәріхана — 1,  дәрігерлік бекет — 1, балабақша — 2, АТС бөлімшесі — 1, жылжымалы пошта қызметі — 1, сауда нүктелері — 7, ашық кіші футбол алаңы — 1, заңды тұлғалар — 3, жергілікті қоғамдық кеңес — 1, мешіт — 2, намазхана — 1 және 237 шаруа қожалығы мен 1 жиһаз цехы халыққа қызмет көрсетуде.

Мемлекет басқаруындағы ауыл әкімдігі 12,5 штатпен жасақталған, оның ішінде 6-ы -мемлекеттік қызметкер де, қалғаны азаматтық және келісімшарт бойынша еңбек етеді.

Ағымдағы жылдың бюджеттік қаражаты 60 580 000 теңге болса, қаржы жоспары бойынша  10 айда бөлінген қаражат 100% игерілген.

Иассы ауылдық округі бойынша 2022 жылға салық түрлері бойынша түсімдер 4300,0 мың теңге, 10 айда орындалуы 2641,0 мың теңгені құрап отыр, жылдық жоспардың 62%-ы орындалды. Атап айтқанда, мүлік салығы жоспары 670,0 мың теңге болса, нақты 445,0 мың теңге түсіп, 66,4% орындалды. Жер салығы жоспары 63,0 мың  теңге болса, нақты 70,0 мың теңге түсіп, 111% орындалды. Көлік салығы жоспары 2025,0 мың теңге болса, нақты 2126,0 мың теңге түсіп, 105% орындалды.

Әлеуметтік салада да бірқатар ілгерілеу байқалады. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы аясында 2022 жылы жұмыспен қамту шараларына қатысушылардың арналған бағдарлама шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының бөлінісі және орындалуы туралы айтар болсақ:

— Жастар практикасы нақты – 15 адам.

— Қоғамдық жұмысқа нақты — 46 адам.                    

— Тұрақты жұмыс орны нақты — 58 адам. 

Иассы ауылында тіркелген мүгедек бала саны — 4. Үйінде әлеуметтік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша 1,0 штаттық бірлікте әлеуметтік қызметкер кестеге сәйкес 4 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіп, оңалту орталықтарымен байланыс жасап, кеңестер беріп отырады.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2022 жылдың 10 айында 65 отбасыға 379 адамға 17 млн. 847 мың 120 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  әлеуметтік  пакеттер таратылған.  

Ауыл округі бойынша аз қамтылған отбасыларға демеушілер тарапынан киім-кешек, азық-түлікпен 26 отбасыға көмектер көрсетілді.

Ауыл округінің негізгі саласы — егін және мал шаруашылығы.

Жалпы жер көлемі Оның ішінде
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Елді мекен жері Елді мекеннің мал жайылым жерлері Ерекше қорғалатын жерлер Су қорының жері Орман қорының жері Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де а/ш мақсатына арналған жерлер
31819,83 28234,89 464,16 125,65 3,18 661,92 1184,73 1145,30

Үш жақты келісім бойынша тапсырма жоспары 1234 га болса, нақты 10 айда 1264 га жерге егіс алқаптары игеріліп, тапсырма 102%-ға орындалып отыр.

— Ескі жоңышқа – 372 га.

— Күздік бидай егу – 84,3 га.

— Жаздық бидай – 64 га.

— Жаңа жоңышқа – 103,5 га.

— Көкөніс  – 116,2 га.

— Бақша –74,8 га.

— Сүрлемдік жүгері – 56,7 га.

— Дәндік жүгері – 61,6 га.

— Мақта – 331,2 га.

Ауыл округі бойынша егістіктен алынған өнімдер:

— Жалпы бидай –148,3 га * 31 ц = 459 тн

  күздік бидай – 84,3 га * 34 ц = 286 тн

  жаздық бидай – 64 га * 27 ц = 172 тн

— көкөніс –  116,2 га * 344  ц = 4004 тн

— бақша –  74,8 га * 300 ц =  2244,4 тн

— жоңышқа —  475,5 га * 64,5 ц = 3071 тн

— Сүрлемдік жүгері — 56,7 га * 300 ц =1700 тн

— Дәндік жүгері — 61,6 га * 66 ц =408 тн

— Мақта — 331,2 га * 31,6 ц = 1047,5 тн

Жалпы жиналған мал азығы  —  22283 тн, соның ішінде:

— жоңышқа — 3071тн

— сүрлемдік жүгері – 1700т

  • Сабан — 148 т
  • Табиғи шөп жинау – 7354 т
  • Сырттан сатып алынғаны – 10010т

Ауылдық округте бір жерден 2-3 өнім алу бойынша 4 жоба іске асырылды: 2-3 өнім алу бойынша 1-ші кезеңде 20 гектар жаздық бидай егілді. 2-ші кезеңіне 20 гектар жоңышқа дақылы егілді: 1-өнім жаздық бидай егіліп, одан алынған өнім: 56,7 тонна. 2-өнім 20 гектар жоңышқа дақылынан 48 тн өнім алынды.

  1. Саттаржан Турметов — 6 га
  2. Лолахан Абсеметова – 3 га
  3. Наргиза Адилова — 9 га
  4. Парда Егембердиева — 3 га

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексіне тоқталсақ. Жоспар — 400 млн. теңге, орындалғаны — 155 млн. 483 мың теңге, 38%. Олар:

  1. Мал қора мен малшы үйін салған — Еркебай Төлегенов, «Төлеген» шаруа қожалығы — 28 млн. теңге.
  2. «Сулейман Ата» шаруа қожалығы, төрғасы Маматжан Азимов. Құрама жем цехы және өнім сақтайтын қойма ғимараты – 49 млн. 900 мың теңге.
  3. Султанбай Сирож Тохтамуратұлы, «Султанбай ата» шаруа қожалығы, мал қора және малшы үйі — 43 млн. 800 мың теңге.
  4. «Жасыбаева Айгерим» шаруа қожалығын жүргізу үшін база құрылысы — 15 млн. 900 мың теңге.
  5. «Алимхан Ата» шаруа қожалығы, «МТЗ Беларус» тракторы — 10 млн. 223 мың теңге.
  6. «Нарбет» шаруа қожалығы, төрағасы Нұржан Жүсіпбаев, 6 бас қазақтың ақ басты асыл тұқымды өгізшесі — 2 млн. 220 мың теңге.
  7. Мөлдір Серікбаева, ЖК «Серикбаева М», 8 бас қазақтың ақ басты асыл тұқымды өгізі 3 млн. 960 мың теңге.
  8. Бауыржан Сабыров, ЖК «Сабыров Бауыржан», 4 бас қазақтың ақ басты асыл тұқымды өгізі — 1 млн. 480 мың теңге.

Сауран ауданы статистика басқармасына 4,4 млн. теңге инвестицияның құжаттары өткізілді:

 — «Камшат» шаруа қожалығы, Камшат Уразымбетованың 5 бас қазақтың ақ басты асыл тұқымды өгізі — 1,6 млн. теңге.

— Жеке кәсіпкер Омарова Гулнар, 8 бас «Герефорд» асыл тұқымды өгізшесі — 2,8 млн. теңге.

Сауран ауданы құрылыс бөліміне 43 млн. 800 теңге инвестицияның құжаттары өткізілді: 

— Бейсембаев Талғат Амиралович, мал қора мен малшы үйі — 43 млн. 800 теңге.

— «Байтана» шаруа қожалығының төрағасы Баймурза Тасовтың мал қора мен малшы үйінің құрылысының  мемлекеттік қабылдау АКТ-сі дайындалып, 10 желтоқсанға дейін 225 млн. теңгенің  құжаттары Сауран ауданы құрылыс бөліміне өткізіледі.                                                                                                                        

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің жоспары 10  млн. тг,  орындалғаны — 101%,  «Еңбекші Дихан» ауыл шаруашылығы өндірістік коперативі — 10 млн. 70 мың теңге.                                

Жаңадан жылыжай салғандар: 0,03 га.

— Бабахан Исаков — 0,015 га.

— Абдиқадыр Умаров — 0,015 га.

Қарапайым үй шаруашылығында жылыжай салған азаматтар:

  1. Анвар Наршабаев — 0,10га.
  2. Рамазан Мутенов — 0,07га.
  3. Асирали Исмаилов — 0,06га.
  4. Абдуразак Умаров — 0,04 га.

Барлығы: 0,27 га.

Жылыжайға егілген дақылдар:

— Айгүл Қанжігіт  — 1 га лимон.

— 2 га қияр дақылынан қазіргі таңда алынған өнім — 105 тонна.

— Акрам Исмаилов: 0,15 га қияр дақылынан қазіргі таңда алынған өнім — 7,4 тонна.

— Бахадир Тажиметов: 0,045 га тәтті бұрыш, қазіргі таңда алынған өнім — 0,4 тонна.

— Маматжан Зайнитдинов:0,045 га қияр дақылынан қазіргі таңда алынған өнім — 2,3 тонна.

Алынған жалпы өнім: Қияр — 114,7  тонна. Тәтті бұрыш — 0,4 тонна.

2-ші айналымда Айгүл Қанжігіт 2 га қиярдан * 120 цн = 24 тн өнім алды.                       

Жалпы халыққа ұсынылған өнім: Қияр — 138,7 тонна. Тәтті бұрыш — 0,4 тонна.

Өз қаржысымен қарапайым үлгіде қарқынды бау еккен шаруа қожалықтары –13 га.   

  1. Жолдыбай Дүйсенов — 2 га.
  2. Шафакий Абдуллахов — 5 га.
  3. Кундуз Джумадуллаев – 3 га.
  4. Құттыбай Ержанов — 3 га.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалауда, бірлік жоспар 3 еді, орындалғаны – 1. «Алимхан ата» шаруа қожалығы төрағасы Халила Исаков «Беларус 952» тракторын алған, 10 млн. 223 мың теңге.

Аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіруде, жоспар 1347 бас болса, орындалғаны — 775 бас. Қазақтың асыл тұқымды ақбасты өгізі: «Нарбет» шаруа қожалығы, төрағасы Нұржан Жүсіпбаев — 4 ақ басты, ЖК «Сабыров Бауыржан» — 6 ақ басты өгіз, ЖК «Серикбаева Молдир» — 8 бас, ЖК «Уразымбетова Камшат» — 5 бас, асыл тұқымды герефорд өгіздері — 8 бас, ЖК «Омарова Гүлнар».

Фермерлік шаруашылықтардың аналық ІҚМ несиелендіру жолымен сатып алу жоспары 100% орындалған. Жоспар — 168 бас. Мамиржан Убайдуллаев «ЫРЫС» акционерлік қоғамынан 5 млн. теңгеге 15 бас  ІҚМ сатып алды. «Нурислам» шаруа қожалығы, Бехзод Абдуреймов «Түркістан» несие қоғамдастығынан 20 млн. теңгеге 68 бас ІҚМ сатып алған. Надиржан Аширбаев «Түркістан» несие қоғамдастығынан 27 млн. теңгеге 85 бас ІҚМ сатып алған.                                                   

Мал шаруашылығы бойынша, оның ішінде:                                                           

  1. ІҚМ басының ұлғаюы — 5806 бас.
  2. Қой мал басының ұлғаюы — 45027 бас.
  3. Ешкі мал басының ұлғаюы — 1600 бас.
  4. Жылқы мал басының ұлғаюы — 3046 бас.
  5. Түйе мал басының ұлғаюы — 745 бас.
  6. Құс басының ұлғаюы — 12750 бас.
Иассы ауылдық округі бойынша 2022 жылдың 10 айында қаңғыбас ит және мысықтардың жойылғаны туралы мәлімет:  
 
 Жойылған ит және мысықтар 10 айда қаңғыбас ит және мысықтардың жойылған саны  
1 Ит 27  
2 Мысық —   
Барлығы 27         

Жасыл аймақ, ауылды көріктендіру санитарлық жағдайы.           

Бекітілген іс-шараға сәйкес, 2022 жылдың 10 айлығында әр сенбіде сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 9 тн күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді. «Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары және бюджет мекемелерінің ұжымдарын жұмылдыра отырып, Кентау-Түркістан тас жолының жағасына, көше жағалауына 200 дана көшет, Шобанақ көшесіне 1200 түп, елді мекенге кіре беріс, 300 түп көшет, мектеп аумақтарына 400 дана ағаш егіліп, жалпы саны 2100 түп көшет отырғызылып, күтіп-баптау, суару шаралары атқарылды.

«Тазалық» айы деп жарияланып, әр сенбілік сайын әкімшілік аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл округтің тұрғындары және шаруа қожалықтары төрағаларымен бірлесе 3 техника, 35 тұрғын жұмылдырып, Еңбекші Дихан елді мекенінің сыртқы беті күл-қоқыстан тазартылды. Ауылдық округке қарасты елді мекендер бойынша техника күшімен 9 тонна күл-қоқыс шығарылды.                                                                                                                                               

Ауыл тұрғындарының арыз-өтініштері:

2022 жылғы 10 айында жер мәселесімен келіп түскен арыз-өтініштер бойынша мәлімет
Жеке азаматтардан келіп түскен өтініштер Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер Қанағаттан-дырылғаны Қанағаттан-дырылмағаны Өңдеуде тұрғаны
 

154

 

0

 

     144

 

1

 

    9

«Ауылда дінаралық қарым-қатынас қызметі үнемі бақылауда және тиісті заңнамалар негізінде жұмыстар жүргізілуде, саяси ахуал тұрақты. Ауылдық округте 2 мешіт, 1 намазхана бар. Кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында арнайы төрағасы және 11 мүшесінен тұратын  ақпараттық топ құрылған. Ауыл ақсақалдар кеңесінде ауылдың өзекті мәселері айтылып, шешу жолдары сала-сала бойынша талқыланып, үнемі хабардар етудеміз» — дейді ауыл әкімі.

Білім беру саласына ойыссақ. Ауылдық округте 1 мектеп жұмыс істейді, 300 орындық «Шобанақ» жалпы орта мектебіндегі мұғалімдер саны — 91, кіші қызметкерлер саны — 27, оқушылар саны — 738, соның ішінде мектеп даярлық тобында 54 бала бар.

Ауылда «Жауқазын» бөбекжай-балабақшасында 37 қызметкер жұмыс істейді. Онда 6 топта 150 бала тәрбиеленуде.

Білім беру мекемесінің атауы Қызмет-керлер саны Оқушы-лар саны Бітіру-шілер саны ҰБТ-ға қатысқан-дар саны Грант иегерлері Алтын белгі Квота Үз-дік ат-тес-тат
1 «Шобанақ» жалпы орта мектебі 116 738
2 «Жауқазын»бала бақшасы 37 150
3 «Аяш-ана» бөбекжай балабақшасы ЖШС 22 75

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы Еңбекші Дихан ДА және Шойтөбе елді мекенінде ФАП қызмет атқарады. Емхана 2013 жылы салынған. Жалпы жұмысшылар саны — 23 адам, 2 жоғары білімді дәрігер және 16 орта буынды медқызметкерлер және 5 жұмысшы қызмет істейді.

2022 жылдың 10 айында жалпы тіркелген халық саны – 2410 адам.

Ересектер – 1392.

Жас өспірімдер – 147.

Балалар – 1150.

2022 жылы 10 айда туылған балдар саны – 71.

Қайтыс болғандар – 6.

Туберкулез – 0.

Бруцеллез – 0.

«Covid-19» инфекциялық аурумен ауырғандар – 0.

Мәдениет саласы бойынша. Ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 12 мәдени іс-шара өткізілді.

Тіркелген қылмыстарға келсек, Иассы ауылдық округі бойынша 2 қылмыс тіркелген, ашылғаны — 0.

Әскер қатарына шақыру бойынша. 2022 жылғы күзгі мерзімде әскер қатарына шақырылған 82 азаматқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, хабарлама берілді, 10 азамат Иассы а/о тұрғыны емес, 22 шақырылушы қазіргі таңда ЖОО-да және коллеждерде оқуда, 28 шақырылушы — отбасы құрған азаматтар, 2 шақырылушы — денсаулығына байланысты әскерге жарамсыздар, 12 шақырылушы  шетелде жұмыс істейді, 1 шақырылушы әскери бөлімде оқып, әскери  билет алған.

Медсараптамадан 7 азамат өтті, оның ішінен 5 азамат әскер қатарына жіберілді, 5 шақырылушы облыстық медсараптамадан өтті. 1 әскерге шақырылушы облыстық медсараптамадан әскер қатарына жарамсыз деп танылды.      

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:

  1. 1. 2022 жылға аталған іс-шаралар бойынша Шойтөбе елді мекені бойынша Астана көшесіне жарықтандыру жұмыстары үшін 7 843 мың теңге қаржы бюджеттен бөлінді, наурыз айында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізіліп, жеңімпаз мердігер 4604,0 мың ұсыным бағасына жұмыстар атқарып, қосымша 200 метрге 6 жарық бағананы жөндеуден өткізуге 899,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 5503,0 мың теңгеге 1250 метрге 35 бағана көше жарық шамдары халық игілігіне берілді.
  2. Иассы ауылына қарасты елді мекен ішкі көшелері бойынша 2021-2023 жылдарға кешенді даму жоспарына сәйкес, Еңбекші Дихан елді мекені «М.Тобағабылов», «М.Саркулов», «Оспан ата», «Алаш ата», «М.Камалов», «А.Искаков» көшелерін және Шойтобе елді мекеніндегі «Жастар» көшесін орташа жөндеуден өткізуге локальдық сметалар жасалып, дайындалды. 2023 жылға аталған іс-шаралар бойынша қаржы бөлінген жағдайда, сметалық құжаттары ұсынылады.
  3. Еңбекші Дихан және Шойтөбе елді мекендері бойынша ішкі көшелерді кезеңмен жарықтандыру, автожолға асфальт төсеу, аяқжолдарға орташа жөндеу жүргізу, архитектуралық нысандар салу, абаттандыру және көгалдандыруға локальдық сметалар жасалып, дайындалды. 2023 жылға аталған іс-шаралар бойынша қаржы бөлінген жағдайда, сметалық құжаттары ұсынылады.
  4. Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылына Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдары ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Алайда, ауылдың жоғарғы аумағында ауыз су толыққанды жетпей, тозығы жетуіне байланысты Еңбекші Дихан елді мекенінің жоғарғы ауыл аумағындағы ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өткізуге сметалық құжаттары дайындалып, 12 974,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, ашық конкурс жариялап, анықталған мердігер арқылы жұмыстар жүзеге асырылды.
  5. Еңбекші Дихан ауылының халық санының көбейінуіне байланысты ауылда электр қуаты жетіспейтін көшелерге қосымша трансформаторлар орнатып, ескі электр бағаналарын алмастыру үшін, аудандық бөлімдерге хат жолданып, қазіргі таңда аудан әкімінің 11.01.2022 жылғы №6 қаулысы қабылданып, СЖТ (АПЗ) дайындалып, одан әрі ағымдағы жылы дайын болған СЖТ (АПЗ) сметалық құжаттарына бағасын анықтау үшін конкурс жариялануда.
  6. Иассы ауылдық округі бойынша елді мекендерді газдандыру мақсатында СЖТ (АПЗ) дайындалуда, одан әрі сметалық құжаттары бекітіліп, бюджеттен қаржы қаражат бөлдіруге өтінім беріледі. 2023 жылға құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындары «көгілдір отынды» өз тараптарынан үй ішіне жүргізуге дайын.
  7. Еңбекші Дихан ауылының байланыс операторларының сапасын жақсарту мақсатында «activ», «beeline» байланыс операторларына ұсыныс хат жолданып, 3G байланыс антеннасын 4G байланыс антеннасына ауыстырып беруді осы жылдың аяғына дейін жоспарлап жатқанын мәлімдеді.
  8. Иассы ауылдық округіне қарасты ауылдарға жастарды спортпен баулу мақсатында футбол алаңы, теннис корты және балалар ойнау алаңдарын салу үшін сметалық құжаттары дайындалып, 2023 жылғы бюджеттен қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр.
  9. Иассы ауылдық округі бойынша тұрғын үй салу мақсатында жер сұрап өтініш берген 2150 адам жер кезегінде тұр. Жеке тұрғын үй салуға арналған жерлер бойынша биыл Шойтөбе ауылынан 52 га және 17 га 2 аумаққа оңтайландырылған сызбасы бекітілген аумақтан жаңадан тұрғын үй құрылысы үшін қалдырылған алаңдарға инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін, тұрақты пайдалану құқығымен бекітіп беруге шешім шығару үшін аудандық жер комиссиясының қорытындысын алуға хат жолданып, Сауран аудандық жер комиссиясының 01.02.2022 жылғы №2 хаттамасы шығып, Сауран аудандық жер кадастры бөлімі тарапынан мемлекеттік актіні рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған инфрақұрылымға СТЖ (АПЗ) биылға жоспарланып отыр.

Иассы ауылдық округі әкімі С.Турметов 10 айда атқарған жұмысты осылай қорытты.                                «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.