Сауран ауданы: Майдантал ауылдық округінде балалар ойын алаңы, воркаут құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Майдантал ауылдық округінің әкімі Ж.Досболов осылай дейді.

Майдантал ауылдық округі 3 елді мекеннен құралған. Атап айтсақ, Ынталы, Қаражон, Егізқара елді мекендері. Ынталыда — 2265 адам, Қаражонда — 930 адам, Егізқара 59 адам өмір сүріп жатыр. Оның ішінде қазақтардың саны — 3238, өзбектер – 15 және біреуі — ұйғыр ұлтынан. Жалпы 3254 адам тұрады.

Ауылдық округтің кіріс-шығысына келсек, Майдантал ауылы әкімі аппаратына 2022 жылдың 10 айында барлық шығындарын өтеуге 55,786 мың теңге қаржы бөлініп, ол кезеңімен толық игерілген. Сондай-ақ 2021 жылдың 10 айында мүлік салығы  198 000 теңге, жер салығы 231 455 мың теңге, көлік салығы 1 935 102 теңге орындалса, 2022 жылдың 10 айында мүлік салығы 261 656 теңге, жер салығы 87 271  теңге, көлік салығы 2 607 623 теңге орындалып отыр.

Әкімнің сөзіне сенсек, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны — 30, олардың ішінде 28 отбасыға тағайындалып, 5 200 000 теңге төленіпті, қалған 2 отбасыға кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмаған.

Ауылдың белсенді жастары мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 отбасыға баспана берілді.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 65 азамат, сақшыға 2 азамат жұмысқа жіберілді. Демеушілік есебінен 10 отбасыға азық-түлік берілді. Ауыл тұрғындары Е.Бексейтов, Б.Мүштаев ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан, қазан айларында 6 отбасыны қатты отынмен қамтамасыз етті.        

Майдантал жалпы орта мектебі білім беру қорынан 50 балаға мектеп формасы, демеушілер есебінен 20 балаға мектеп формасы берілді. Қаражон жинақталған шағын жалпы орта мектебі білім беру қорынан 50 балаға мектеп формасы, оқу құралдары берілді.

Мәдениет саласына тоқталсақ, Майдантал ауылдық округінде қазіргі таңда 1 шағын клуб және 2 кітапхана жұмыс істеп тұр. 10 айда 15 іс-шара өткізіліп, жалпы 800 адам  қамтылды. Шағын клуб — 70 орындық. Кітапханалардағы жалпы кітап қоры – 28 722 кітап, оның ішінде қазақ тіліндегісі — 16740. 2022 жылы жаңадан келген кітаптар саны: 292, оның ішінде 275-і — қазақ тілінде. Оқырмандарға кітап насихаттау мақсатында онлайн түрде кітапхана парақшаларында «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы өз жұмыстарын жариялап отырды.

Егін шаруашылық саласына келсек. Ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылығы жері 65751 гектарды құрайды. Оның ішінде:

1.

2.

3.

Егістік жер:

Суармалысы:

Ортақ жайылым:

1841 га

1360 га

6060 га

4. Жайылым: 24428 га
5. Шабындық: 287 га
6. Басқа жерлер: 102 га

2022 жылы 1454,0 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, игерілді.

Оның ішінде егілген егіс көлемі:

106,0 га — дәндік жүгері;

62,0 га — сүрлемдік жүгері;

160 га — бақша;

270,0 га — бидай (141,0 га — жаздық бидай, 129,0 га — күздік бидай);

70,0 га — көкөніс;

726,0 га — жоңышқа (215,0 га — жаңа, 511,0 га — ескі);

60,0 га — картоп

96,0 га — бау.

Ауыл шаруашылығы жерлеріне 140,0 тонна жанар-жағармайды шаруа қожалықтары төменгі бағамен алды.

Майдантал ауылдық округі бойынша 1 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

2-3 өнім алу  жобасы бойынша 20 жоба бекітіліп, іске асырылуда.

Мал шаруашылығы саласына келсек. 2021 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 120 пайызға, қой ешкі 125 пайызға, жылқы 124 пайызға, түйе 102 пайызға, құс 156 пайызға өсті.

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамтуға тоқталсақ. Заңды тұлғалар — 2, шаруа қожалықтары — 141, сауда дүкені — 7, кафе — 1, монша — 1, 1 жанар-жағармай бекеті ашылды.

Майдантал ауылдық округінде 2022 жылы салынған нысандар мен жүргізілген жөндеу жұмыстары.

  1. «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Ынталы елді мекеніне балалар ойын алаңы, воркаут құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
  2. Ынталы-Егізқара елді мекендері арасындағы 10 шақырым жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
  3. Ынталы елді мекеніндегі Рысқұлов көшесінің аяқ жақ бөлігіне қосымша электр бағаналары орнатылып, жарықтандыру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді.

Әскер қатарына шақыру бойынша. Ауылдық округі бойынша 2022 жылы көктемгі және күзгі әскерге шақырылушылар туралы мәлімет.

Барлық шақырылушылардың саны Дәрігерлік сараптамадан өткендер саны Оның ішінде ОДС іріктелгені Әскерге кеткені
1 116 21 14 5

«Жалпы құжат айналым жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Кіріс құжаттар — 830, шығыс құжаттар – 437. 33 жеке тұлғадан өтініш түсіп, жауап берілді» — дейді Ж.Досболов.

Ауыл әкімі өз кезегінде Майдантал ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де тілге тиек етті.

— Қаражон елді мекенінде интернет желісінің нашар болуына байланысты оптикалық интернет желісін орнату.

— Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу (тұрғын үй кезегінде тұрған 250 азамат).

— Майдантал ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс интернет желісін жақсарту қажет.

— Майдантал ауылық округінің орталығы Ынталы елді мекені мен Қаражон елді мекені арасындағы 7 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

— Облыс, аудан орталығына дейін баратын қоғамдық көлік жүргізу қажет.

— Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тас арықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу.

— Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.

— Ынталы елді мекеніндегі Қисықшоқпар учаскесіне су торабынан су айдағанда су шықпайды, себебі су торабынан Қисықшоқпар учаскесі жоғары орналасқан. Сондықтан өз алдына су торабынан учаскідегі су мұнарасына 2,65 шақырым құбыр тарту керек.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

 

 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.