ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНКҮНДІГІ АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Осы ретте Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу 2022 жылдың 10-20 қараша аралығында Түркістан облысының барлық аудандарында жоспарланып отыр.

Республикалық онкүндік:

— Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;

— Балалар жылына арналады.

Республикалық онкүндікке Түркістан өңірі бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Онкүндіктің мақсаты — мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың, т.б. күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру және қоғам назарын аудару.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.