ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ЕЛШІНІ ТАҒАЙЫНДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.