ТҮРКІСТАН: САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН УАҚЫТЫЛЫ ӘРІ ДҰРЫС ТАПСЫРУ ЖАУАПТЫ ІС

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында декларацияны толтыру барысындағы қателіктерге жол бермей жаппай жауаптылыққа тартуды болдырмау үшін мәжіліс өткізді.

-Аталған жиынға, Департамент басшысы Ө.Балажанов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының міндетін атқарушы З.Жаппаркулов, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттың аппарат басшылары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен персоналды басқару қызметінің лауазымды тұлғалары және аудан, қала әкімі аппараттарының басшылары қатысты.

-Жиын барысында, З.Жаппаркулов заңнама талаптарына сәйкес декларацияны толтыру барысында жіберген қателіктерді жою бойынша тиісті түсіндірмелер берді.

-Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің салық декларациясын тапсыру барысында, табыстары туралы дұрыс мәліметті көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, 1414 телефоны арқылы салық тапсыруға қатысты сұрақтарға жауап алуға болатынын айтты.

-Бұдан өзге, Ө.Балажанов декларация тапсыруда әр қызметкердің жауапкершілік танытуы әдептілікпен ұштасатынын айта келе, мемлекеттік қызметшілерге іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, әлеуметтік желілерді қолдану барысында БАҚ-ның өкілдерімен, азаматтармен қарым-қатынаста қызметтік әдеп пен заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды.

-Сонымен қатар, мәжілістің қорытындысымен декларацияны толтыру барысында қателіктерге жол бермеу үшін әр мемлекеттік органның әлеуметтік желідегі парақшаларында жадынамалар орналастыру ұсынылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.