Түркістан облысы: Отырар ауданында күздік бидай дақылын егуді дамыту туралы шаруалардың қатысуымен семинар кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегі күні Отырар ауданындағы ағын су тапшылығының алдын алу мақсатында су өткізу қабілеті төмен егіс алқаптарына күздік бидай дақылын егуді ұсыну жөнінде семинар кеңес өткізілді. Семинарға Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Айдос Мәулен, «Қазсушар» РМК Отырар өндірістік бөлімшесінің басшысы Х.Елкей, Ордабасы ауданы «Бадам» ӨК басшысы С.Тәңірбергенов, «АзияАгроГрупп» АӨК бас агрономы Х.Мусаев, тиісті бөлім басшылары мен ауыл окургі әкімдері және жер мамандары, агроқұрылым төрағалары қатысты.

Ордабасы ауданында 40 жылдан астам уақыт бидай өсірумен айналысатын және тұқымын сатып келе жатқан «Бадам» ӨК-нің басшысы, бас агрономы қатысып, өздерінің тәжірибелерін Отырар ауданының шаруаларымен бөлісті. Кәсіпорын басшысы С.Тәңірбергенов бидай ұрығын сату өндіру бойыша Түркістан облысы бойынша ең сұранысқа ие кәсіпорындардың бірі, негізгі өндіретін бидай ұрығы біздің өңірге қолайлы «Стекловидная-24» (Репродукция-1) және «Красный Водопад» сорттары бойынша таныстырды.

Сонымен қатар бірнеше жылдан бері күздік бидай егумен айналысып келе жатқан Отырар ауданы Ақтөбе ауыл округіндегі «Asia Agro Group» АӨК-нің бас агрономы Х.Мусаев та өзінің тәжірибесімен бөлісіп, ағын суды көп қажет етпейтінін жене ерте көктем, күз айларында судың мол кезінде суғарып алуға мүмкіндігі көп екендігін, сонымен қатар күздік бидайдың егу технологиясы бойынша айтып өтті.

Қарғалы ауыл округі, Отырар елді мекенінің шаруалары бірнеше жылдан бері ағын су тапшылығынан егіс еге алмай жүргендігін, аталмыш семинардан соң бидай егу Отырар ауданы ауылдарына оңтайлы дақыл болатындығын және ағымдағы жылдың күзінде ауылдың бірнеше шаруасы бірігіп, осы дақыл түрін егуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Семинар қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданып, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.