Түркістан облысы: «Отырар ауданы» логотипін әзірлеуге байқау жарияланады

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданы» логотипін әзірлеуіне байқау жарияланады. «Отырар ауданы» логотипі ауданды бір қарағанда танытар логотип (графикалық белгі, эмблема немесе таңба) және оны басқа туристік бағыттардан ажыратуға көмектеседі. Бұл ауданның және оның экономикасының имиджін құрудың кең стратегиясының бөлігі. Ауданның брендингінің негізгі себебі басқа аудандардан айырмашылығы мен тарихы және туризмнің дамуы.

1.Байқау шарттары мен тәртібі.

«Отырар ауданы» логотипі Отырар ауданына тән ерекшеліктерді көрсетуі шарт. Қатысушылар (дизайнерлер, суретшілер, сәулетшілер) ауданның логотипін жасау үшін конструктивті идеяларды қабылдауы қажет. Логотип қысқа, ассоциативті, заманауи, тарихи құрамдас элементтері бар, сонымен қатар түрлі-түсті нұсқада жақсы көрінуі керек. Логотипте ауданның тарихы мен мәдениеті, бітім-болмысы мен негізгі ерекшеліктері мазмұнды бейнеленуі тиіс. Тәжірибелік тұрғыдан логотип қарапайым көрінуі керек және ақ-қара түсті болғанда өз сапасын жоғалтпауы тиіс. Логотип жинақы, есте жақсы сақталатын, түсі жақсы көрінетін болуы керек. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады. Логотипті таңдау кезінде байқаудың комиссия мүшелері мына критерийлерді ескереді:

– Логотиптің мағынасы – Стилі – Ерекшелігі – Креативтілігі

  1. Байқау жеңімпазын анықтау.

Байқау комиссиясы мүшелерінің шешімі.

  1. Марапаттау.

Жеңімпаз аудан әкімінің алғыс хатымен және 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталады.

  1. Сұраныс.

Байқауға қатысушы үміткерлердің ұсыныстарын тіркеу, қабылдау жұмыстары Отырар ауданы әкімдігінің ғимаратында ағымдағы жылдың 18 қазанынан 8-ші қарашаға дейін жүргізіледі. 2022 жылдың 10 қарашасында сағат 10.00-13.00 аралығында қатысушы тұлғалар немесе олардың өкілдері комиссия мүшелеріне өз жұмыстарын таныстырады және қорғайды. Байқау нәтижесі 2022 жылдың 11 қарашасында сағат 15.00-де комиссия мүшелерінің қорытындысымен анықталады.

Байланыс телефоны — 87029112185, 87711168989. Электронды пошта: 215-48@mail.ru.

Байқау материалдарының қағаздағы нұсқасы А2 форматында, электронды нұсқасы PDF, JPG, PNG, түрінде қолма-қол тапсырылады.

Барлық мүдделі және қызығушылық танытқан азаматтарға қатысуға шектеу қойылмайды.

«Ескерту: Аталған хабарландыру «Отырар алқабы» газетінің 21.10.2022 жылғы №42 санына жарияланатындығын хабарлаймыз.

Ескертеміз: «Отырар ауданы» логотипі байқауының құжаттарды қабылдау күні — 08.11.2022 жылы сағат 19:00-ге дейін. Осыған байланысты ертерек байқауға өз жобаларынызды ұсыныңыздар» — дейді Отырар ауданы әкімдігінің жауаптылары.

Еске салайық, Отырар ауданы — Түркістан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен және Сарыағаш ауданымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі. Жер аумағы 1 675700 шаршы километр, (облыстың 15,4%-ы). Тұрғын халқы 54,5 мың адам (2017). Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.